Аграрлық сала мамандарының біліктілігін арттыратын бағдарлама қажет – қаржыгер
Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайды тоқтату туралы Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысындағы мәлімдемесіне қаржыгер-экономист, ҚР Аудиторы Әсел Есенгелдіқызы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада бірқатар маңызды мәселені шешу қажет екенін айтты. Біріншіден, Қазақстан экономикасын көтеру қажеттігін айтқан Президент ол үшін шикізаттық базасы жолға қойылған өнеркәсіптерді одан әрі дамыту керектігін жеткізді. Жалпы, қазіргі жағдай азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы мемлекет қауіпсіздігінің негізгі элементі екенін көрсетіп отыр. Сондықтан Үкімет аграрлық салаға барынша қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Қазақстанда 1 миллион 700 мыңға жуық жеке шаруашылық бар болғанмен, олардың өнімдері сауда нысандары арқылы ресми түрде сатылмайды және қайта өңдеумен айналысатын өндіріс орындарына жеткізілмейді. Олар мемлекетке салық төлемейді, сонымен қатар осындай шаруашылықпен айналысатын азаматтардың көбі әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірге бірқатар өңірде «егістіктен сөреге дейінгі» процессті дамыту жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыруды тапсырды. Егер нәтижесі ойдағыдай болса, жобаның ауқымын ұлғайтып, 2021 жылдың ортасында толыққанды бағдарлама жүзеге асырылатын болады», – деді Ә.Есенгелдіқызы. Оның айтуынша, егер үнемі өз өнімдерімізді сатып алу жүйесі қалыптасып, аграрлық сала мамандарының біліктілігін арттыратын бағдарлама іске қосылса, онда 2 миллионға жуық ауыл азаматының табысының артуына, сол кезде отандық ауыл шаруашылық өндірістің көлемін 70 пайызға ұлғайтып, сырттан әкелінетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың санын азайтуға мүмкіндік туады. «Екіншіден, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1 триллион теңге бөлінетін болды. Бұл аз қаржы емес. Ол сонымен қатар шағын кәсіпкерлікке қаржыландыру мақсатында кредит ретінде пайдаланылуы да мүмкін. Осының бәрі биліктің қатаң қадағалауында болып, қаржының толықтай игерілгені маңызды. Үшіншіден, экономиканы дамытуды тағы бір тетігі – жұмыспен қамтудың өрісін кеңейту және қолжетімді баспана құрылысына әлеуметтік қолдау көрсету факторы. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін баспанамен қамту жөнінде «5-10-20» жаңа жобасы іске қосылды. Бұл мақсатта 390 миллиард теңге бағытталады. Үкіметке жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ негізінде «Отбасы банк» атты жаңа банк құру тапсырылды. Яғни осы банк арқылы есеп пен баспананы бөлу жүргізілетін болады», – деді сарапшы. Қаржыгердің сөзінше, әлеуметтік әділдікті орнату үшін жалақы мен басқа да кіріс түрлерінен алынатын жеке табыс салығының шкаласына өзгеріс енгізу қажет. Яғни жалақы аз азаматтар салықты аз төлейді де (жалақының 1 пайызы), ал жалақысы жоғары қызметкерлерден алынатын салық көлемі (жалақының 10 пайызы) артады. «Мұндағы мақсат – жалақы жөніндегі көлеңкелі тұстарды болдырмау. Егер салық мөлшері қысқартылса, жұмыс берушінің жалақыны конвертпен беруі де азаяр еді. Мұндай тәжірибе қазіргі уақытта АҚШ пен Қытай және Еуропа елдерінде қолданыста. Жалпы, мұны қолдайтындар да, бұған қарсылық танытатын тарап та аз емес. Қарсылық танытатындар бұл жүйенің жалақысы жоғарыларға емес, орташа жалақы алатындарға қиындық тудырады деген болжам жасаса, қолдайтындар, керісінше, әлеуметтік әділдік орнап, бюджет көлемінің артатынын алға тартады. Президент жоғары жалақы алатын адамдарға салықты прогрессивті шкала бойынша төлеуді ұсынды», – деді ҚР Аудиторы. Оның айтуынша, тұрғындардың кірісінің азаюына байланысты азаматтардың қарыз жүктемесінің артуын болдырмау үшін кредит нарығына мониторинг жүргізу жалғасады. Құзырлы органдарға микрокредиттік ұйымдардың қарыз берудегі сыйақысын есептеуді қайта қарастыру тапсырылған. Бұл тұрғыда азаматтарды қорғау үшін банктік емес кредиттік ұйымдарды бақылау күшейтілмек. Келесі жылдан бастап микрокредиттік қызметтерді лицензиялау енгізілмек. «Сонымен қатар Президент әлеуметтік саясатқа да назар аударды. Жаңа әлеуметтік төлемді алу үшін азаматтар БЖТ төледі. Олардың 40 пайыздан астамы бірыңғай жиынтық төлемді алғаш рет төлеп отыр. Бұл – нағыз мемлекеттік көмекті қажет ететін адамдар тобы. Оларды барынша экономикаға тарту қажет. Бұл адамдардың қайтадан «көлеңкеге» кетіп қалуына, өз мәселесімен жалғыз өзінің қалып қоюына жол бермеу керек. Нарықтық экономикада жұмысын уақытша әр адам жоғалта алады. Бұл ретте Үкіметке еңбек биржасында тіркелуді барынша жеңілдету, яғни азаматтарға жұмыссыз ретінде танылып, тиісті әлеуметтік төлемді алу үшін процедураны қысқарту тапсырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық бизнесті қолдауға шақырды. Бұл тұрғыда активтер мен кепілдердің нарықтағы құнының төмендеуіне байланысты «Даму» қорының кредиттеуді кепілдендіру тетігін пайдалану аса маңызды. Сол сияқты Президент микро және шағын кәсіпкерлікті көңіл бөлу керектігін айтты. Олардың стандарттық банк өнімдерін пайдалануға мүмкіндіктері шектеулі. Осыған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске арналған арнайы шараларын қайта қарауды тапсырды. Жалпы, бұл дағдарыс бүкіл әлемге әлеуметтік салалардың, яғни медицина, білім, әлеуметтік қорғау салаларының қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осы ретте экономика мен қоғамның цифрланудағы барлық процесіне жаңа импульс беру маңызды», – деді қаржыгер-экономист, ҚР Аудиторы Әсел Есенгелдіқызы.
-->Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайды тоқтату туралы Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысындағы мәлімдемесіне қаржыгер-экономист, ҚР Аудиторы Әсел Есенгелдіқызы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада бірқатар маңызды мәселені шешу қажет екенін айтты. Біріншіден, Қазақстан экономикасын көтеру қажеттігін айтқан Президент ол үшін шикізаттық базасы жолға қойылған өнеркәсіптерді одан әрі дамыту керектігін жеткізді. Жалпы, қазіргі жағдай азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы мемлекет қауіпсіздігінің негізгі элементі екенін көрсетіп отыр. Сондықтан Үкімет аграрлық салаға барынша қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Қазақстанда 1 миллион 700 мыңға жуық жеке шаруашылық бар болғанмен, олардың өнімдері сауда нысандары арқылы ресми түрде сатылмайды және қайта өңдеумен айналысатын өндіріс орындарына жеткізілмейді. Олар мемлекетке салық төлемейді, сонымен қатар осындай шаруашылықпен айналысатын азаматтардың көбі әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірге бірқатар өңірде «егістіктен сөреге дейінгі» процессті дамыту жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыруды тапсырды. Егер нәтижесі ойдағыдай болса, жобаның ауқымын ұлғайтып, 2021 жылдың ортасында толыққанды бағдарлама жүзеге асырылатын болады», – деді Ә.Есенгелдіқызы. Оның айтуынша, егер үнемі өз өнімдерімізді сатып алу жүйесі қалыптасып, аграрлық сала мамандарының біліктілігін арттыратын бағдарлама іске қосылса, онда 2 миллионға жуық ауыл азаматының табысының артуына, сол кезде отандық ауыл шаруашылық өндірістің көлемін 70 пайызға ұлғайтып, сырттан әкелінетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың санын азайтуға мүмкіндік туады. «Екіншіден, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1 триллион теңге бөлінетін болды. Бұл аз қаржы емес. Ол сонымен қатар шағын кәсіпкерлікке қаржыландыру мақсатында кредит ретінде пайдаланылуы да мүмкін. Осының бәрі биліктің қатаң қадағалауында болып, қаржының толықтай игерілгені маңызды. Үшіншіден, экономиканы дамытуды тағы бір тетігі – жұмыспен қамтудың өрісін кеңейту және қолжетімді баспана құрылысына әлеуметтік қолдау көрсету факторы. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін баспанамен қамту жөнінде «5-10-20» жаңа жобасы іске қосылды. Бұл мақсатта 390 миллиард теңге бағытталады. Үкіметке жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ негізінде «Отбасы банк» атты жаңа банк құру тапсырылды. Яғни осы банк арқылы есеп пен баспананы бөлу жүргізілетін болады», – деді сарапшы. Қаржыгердің сөзінше, әлеуметтік әділдікті орнату үшін жалақы мен басқа да кіріс түрлерінен алынатын жеке табыс салығының шкаласына өзгеріс енгізу қажет. Яғни жалақы аз азаматтар салықты аз төлейді де (жалақының 1 пайызы), ал жалақысы жоғары қызметкерлерден алынатын салық көлемі (жалақының 10 пайызы) артады. «Мұндағы мақсат – жалақы жөніндегі көлеңкелі тұстарды болдырмау. Егер салық мөлшері қысқартылса, жұмыс берушінің жалақыны конвертпен беруі де азаяр еді. Мұндай тәжірибе қазіргі уақытта АҚШ пен Қытай және Еуропа елдерінде қолданыста. Жалпы, мұны қолдайтындар да, бұған қарсылық танытатын тарап та аз емес. Қарсылық танытатындар бұл жүйенің жалақысы жоғарыларға емес, орташа жалақы алатындарға қиындық тудырады деген болжам жасаса, қолдайтындар, керісінше, әлеуметтік әділдік орнап, бюджет көлемінің артатынын алға тартады. Президент жоғары жалақы алатын адамдарға салықты прогрессивті шкала бойынша төлеуді ұсынды», – деді ҚР Аудиторы. Оның айтуынша, тұрғындардың кірісінің азаюына байланысты азаматтардың қарыз жүктемесінің артуын болдырмау үшін кредит нарығына мониторинг жүргізу жалғасады. Құзырлы органдарға микрокредиттік ұйымдардың қарыз берудегі сыйақысын есептеуді қайта қарастыру тапсырылған. Бұл тұрғыда азаматтарды қорғау үшін банктік емес кредиттік ұйымдарды бақылау күшейтілмек. Келесі жылдан бастап микрокредиттік қызметтерді лицензиялау енгізілмек. «Сонымен қатар Президент әлеуметтік саясатқа да назар аударды. Жаңа әлеуметтік төлемді алу үшін азаматтар БЖТ төледі. Олардың 40 пайыздан астамы бірыңғай жиынтық төлемді алғаш рет төлеп отыр. Бұл – нағыз мемлекеттік көмекті қажет ететін адамдар тобы. Оларды барынша экономикаға тарту қажет. Бұл адамдардың қайтадан «көлеңкеге» кетіп қалуына, өз мәселесімен жалғыз өзінің қалып қоюына жол бермеу керек. Нарықтық экономикада жұмысын уақытша әр адам жоғалта алады. Бұл ретте Үкіметке еңбек биржасында тіркелуді барынша жеңілдету, яғни азаматтарға жұмыссыз ретінде танылып, тиісті әлеуметтік төлемді алу үшін процедураны қысқарту тапсырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық бизнесті қолдауға шақырды. Бұл тұрғыда активтер мен кепілдердің нарықтағы құнының төмендеуіне байланысты «Даму» қорының кредиттеуді кепілдендіру тетігін пайдалану аса маңызды. Сол сияқты Президент микро және шағын кәсіпкерлікті көңіл бөлу керектігін айтты. Олардың стандарттық банк өнімдерін пайдалануға мүмкіндіктері шектеулі. Осыған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске арналған арнайы шараларын қайта қарауды тапсырды. Жалпы, бұл дағдарыс бүкіл әлемге әлеуметтік салалардың, яғни медицина, білім, әлеуметтік қорғау салаларының қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осы ретте экономика мен қоғамның цифрланудағы барлық процесіне жаңа импульс беру маңызды», – деді қаржыгер-экономист, ҚР Аудиторы Әсел Есенгелдіқызы.