Елордалық ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен
Астана тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz жазуынша, осыған қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта ол қала аумағында жасалған ұрлықтың үш фактісі бойынша күдікке ілінді. Ол Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күндізгі уақытта ол Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінің ломбард бутигінен сырт киімді ұрлап кеткені анықталды. Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарастыра бастаған және ломбард бағалаушысының алданып тұрғанын пайдаланып, құнды киімді жасырын ұрлап кеткен, - деп жазылған хабарламада.