Елорда жаңалықтары

Астанада қылмыс саны азайып келеді

Астана аумағында жасалатын қылмыс саны азайып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғосман Жакин мәлімдеді.

Оның айтуынша, зорлау, қарақшылық, бұзақылық сынды қылмыстардың саны төмендеген. 

Полиция өкілі атап өткендей, заңсыз айналымнан 254 келі әртүрлі есірткі заты тәркіленген. Сондай-ақ есірткі дайындаумен айналысқан 6 зертхана жойылып, оны жарнамалайтын 69 сайт бұғатталған.

-->

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 139-дан 136 қылмысқа дейін азайды. Зорлау, тонау, қарақшылық, бұзақылық қылмыстарының саны төмендеді. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, тонау, интернет-алаяқтық, тонау сынды қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды. 188 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде есірткіні сатудың 142 фактісі бар, - деді ПД бастығының орынбасары.

Полиция өкілі атап өткендей, заңсыз айналымнан 254 келі әртүрлі есірткі заты тәркіленген. Сондай-ақ есірткі дайындаумен айналысқан 6 зертхана жойылып, оны жарнамалайтын 69 сайт бұғатталған.

Елордаға есірткі жеткізудің тұрақты арнасы жойылып, қала аумағына оны жеткізуді және сатуды жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл қойылды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы және 5 мүшесі ұсталды. 37 келіден астам гашиш тәркіленді, - деді Ғосман Жакин.