Елорда жаңалықтары

Астанада төтенше жағдайда көмек көрсететін 5 мыңнан астам ерікті бар

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Департамент 2020 – Волонтер жылы деп жарияланған уақыттан бері еріктілерді белсенді оқытуды бастады, деп хабарлады Elorda.info тілшісі табиғи және техногендік жағдайда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсететін елордалық еріктілер туралы жазды.

Елімізде волонтерлер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда елордада бірлесіп жұмыс істейтін 9 ұйым мен жекелеген бастамашылық топтар өздерінің волонтерлік қызметін атқарып келеді. Жалпы Астанада төтенше жағдай бойынша 5 мыңнан астам ерікті бар. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау аға лейтенанты Балнұр Шдерина 2015 жылдан бастап ТЖ жою басқармасының инженері болып қызмет атқарады. Департамент өкілінің сөзінше, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге он сегіз жастан асқан еріктілер ғана жіберіледі.

Қалалық ТЖ департаментте Азаматтық қорғаныс басқармасы жыл сайын волонтерлік ұйымдардың басшылары мен үйлестірушілеріне курстар өткізеді. Оқыту шеңберінде білім алушыларға дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидалары және жүзудің бастапқы дағдылары көрсетіледі. Сондай-ақ психологиялық дайындық, төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде халыққа хабар жеткізу, су тасқыны кезінде құтқару бойынша оқыту сабақтары жүргізіледі. Ал курстарды аяқтағаннан кейін еріктілер алған білімі бойынша емтихан тапсырады. Тапсырмалар бойынша сәтті жауап берген еріктіге сертификат беріледі.

Елордалық еріктілер құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарына, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек және психологиялық қолдауға жәрдемдеседі. Бүгінгі таңда еріктілер ұйымдарымен бірлесіп «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекен-жайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» сияқты түрлі акциялар өткізіліп жатыр. Азаматтық қорғау аға лейтенанты Балнұр Шдерина сұхбат барысында еріктілермен бірге атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.  

ТЖ волонтерлері «Көктем-2022», «Қыс-2022» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуларға белсенді қатысады. Үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың тиімді жұмыстары Алматы қаласындағы (2015 жылғы сел ағынын, 2016-2020 жылдар аралығында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тасқын суларды жою кезінде байқалды.

Ел басына күн туғанда құтқарушылармен қатар ерлік көрсететін волонтерлердің еңбегі қашан да құрметке лайық. Төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге көмек көрсетуде еріктілердің ерік-жігері баршаға үлгі болары анық.

-->

Төтенше жағдайлар бойынша волонтерлік қызметке араласу үшін белгілі бір тәртіп бар. Мысалы, егер ерікті болу кезінде денсаулық пен адамгершілік дамуға зиян келмесе және оқу процесін бұзбаса, 18 жасқа толмаған жеке тұлғаларға рұқсат етіледі.  14  жасқа толмаған жеке тұлғалар волонтерлік қызметке жазбаша түрде қатысады. Яғни ата-аналарының (өзге де заңды өкілдерінің) келісімімен немесе олардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге он сегіз жастан асқан еріктілер ғана жіберіледі, - дейді Балнұр Шдерина.

Қалалық ТЖ департаментте Азаматтық қорғаныс басқармасы жыл сайын волонтерлік ұйымдардың басшылары мен үйлестірушілеріне курстар өткізеді. Оқыту шеңберінде білім алушыларға дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидалары және жүзудің бастапқы дағдылары көрсетіледі. Сондай-ақ психологиялық дайындық, төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде халыққа хабар жеткізу, су тасқыны кезінде құтқару бойынша оқыту сабақтары жүргізіледі. Ал курстарды аяқтағаннан кейін еріктілер алған білімі бойынша емтихан тапсырады. Тапсырмалар бойынша сәтті жауап берген еріктіге сертификат беріледі.

Елордалық еріктілер құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарына, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек және психологиялық қолдауға жәрдемдеседі. Бүгінгі таңда еріктілер ұйымдарымен бірлесіп «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекен-жайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» сияқты түрлі акциялар өткізіліп жатыр. Азаматтық қорғау аға лейтенанты Балнұр Шдерина сұхбат барысында еріктілермен бірге атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.  

Халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында волонтерлік ұйымдармен және Астана қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп көктемгі-күзгі мұз қату кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігінің профилактикасы жүргізілді, оның барысында 286 адам қамтылып, 290 жадынама мен кітапша таратылды. Жазғы кезеңде еріктілер 942 адамды қамтитын 14 рейд жүргізді. Балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша 72 отбасын қамти отырып, еріктілерімен 4 рейдтік іс-шара өткізілді. Қысқы кезең басталар алдында тұрмыста өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша, әлеуметтік тәуекел тобындағы адамдардың тұрғылықты жері негізінде барлығы 173 рейд жүргізілді, - деді ТЖ департаменті өкілі.