Елорда жаңалықтары

Жер қатынастары саласындағы 3 жаңа қызметті онлайн алуға болады

Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау, жай-күйі туралы мәлімет алу және жобаланатын жер учаскесінің жоспарын келісуді eGov.kz порталында, үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл туралы Елорда Инфо «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы порталға кіріп, «Жылжымайтын мүлік» салымында үш қызметтің бірін таңдау қажет. Содан соң порталда көрсетілген қадамдық процеске сәйкес өтінімді авторландыруу және толтыру қажет. Айта кету керек, кадастрлыққұнын анықтау және сапалық жағдайы туралы мәліметтерді өз учаскеңізге де, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталында электрондық жоспарда көрсетілген аумаққа да алуға болады. "Біз негізгі мәліметтерді барынша қамтуға және өтінім беру процесін жеңілдетуге тырыстық. Пайдаланушы тек тізімнен бір тармақты таңдап, төлем жасап, қажетті құжаттарды салып, ЭЦҚ - ға қол қою қажет" - деп түсіндірді "ҰАТ"АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. Көрсетілетін қызметті алу барысында өтініш берушінің қолданыстағы құқықтары тіркелген МЖК ААЖ порталында электрондық жоспарда көрсетілген барлық жер учаскелері мен аумақтар туралы ақпарат автоматты түрде тартылады. Осы тізімнен сұрау салу жіберу үшін учаскелердің бірін таңдау қажет. Сұрау салу МЖК ААЖ-не тікелей түседі. Сұрау салуа берілген жауаппен пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. Нысаналы мақсатына, учаскенің ауданына және жұмыс көлеміне байланысты төлем сомасы анықталады, оны электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады. Жаңа қызметтерді келесі сілтемелер бойынша пайдалануға болады: - Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау: https://egov.kz/cms/ru/services/land_relations/pass611_msh; - Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді ұсыну: https://egov.kz/cms/ru/services/land_relations/pass622_msh; - Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректері бойынша жобаланатын жер учаскесін келісу: https://egov.kz/cms/ru/services/land_relations/msh_02201021

-->