Елорда жаңалықтары

Биыл Ақмола облысында 5 300 тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл Ақмола облысында 5 300 тұрғын үй бой көтереді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл Ақмола облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 570 мың шаршы метр немесе 5300 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Биыл І тоқсанда облыста тұрғын үй құрылысына 13,9 млрд теңге инвестиция салынып, 151 мың шаршы метр немесе 1348 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% көп.

-->