Елорда жаңалықтары

Пәкістан Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмектерді табыстады

Пәкістан Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмектерді табыстады. Бұл туралы Елорда Инфо Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын табыстады. «Дәрі-дәрмектер жуық арада Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі және медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС-ке табысталады. ҚР Сыртқы істер министрлігі бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне достық ниеті мен ишараты үшін алғыс білдіреді және бұл елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухына сәйкес келеді», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

-->