Елордалық және ресейлік дәрігерлер бірігіп ота жасады
Елордада травматология және анестезиология саласында тәжірибе алмасу бойынша шеберлік сабағы өтті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Қалалық №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында тәжірибе алмасу жиыны алдымен елордалық дәрігерлерге өзге елден келген әріптестерін таныстырумен басталды. Астанаға Қызыл Крест атындағы Қорған облыстық балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі, травматолог-ортопед Анатолий Коробейников пен Илизаров атындағы травматология және ортопедия Ұлттық медициналық зерттеу орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Евреинов арнайы шақырылды.
Травматолог-ортопед Анатолий Коробейников өз сөзінде елордада медициналық көмек көрсету сапасын жоғары бағалады.
Бүгінгі медицинада ота жасау кезінде жансыздандыру әдісі өзгеріп келеді. Анестезиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Евреиновтың сөзінше, жарақат аумағын ғана жансыздандыру әдісі науқастың денсаулығын тез қалпына келтіруге көмектеседі.
Ресейлік дәрігерлер елордалықтарға балаларға жалпы анестезияның «ауыр» түрлерін қолданбай, заманауи жарақат аумағын жансыздандыру әдісін көрсету үшін ота бөлмесіне барды. Олар осыдан үш жыл бұрын балалар ойын алаңында құлап, бұғана сүйегін сындырып алған Алтын есімді қызға ота жасады. Анасы Әлияның сөзінше, бұған дейін ота жасалғанымен, нәтижесі ойдағыдай болмаған.
Ауруханың жарақат пунктіне жаз мезгілінде 400-ге жуық бала келеді. Оның ішінде 10 шақты балаға шұғыл ота жасалынады. Ал елордада ай сайын шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасу жиындары өтеді.
Аурухананың травматолог-ортопед маманы Олжас Байназаров өз сөзінде травматология саласында ұзақ уақыттан бері тәжірибе алмасу кездесуі өтіп тұрғанын айтты.
Ота барысында анестезияның заманауи түрі қолданылды. Ресейлік дәрігерлер елордалық әріптестеріне барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жалпы, ота бір жарым сағатқа созылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы жақсы. Жарақат орнында ешқандай ауырсыну белгілері жоқ.
-->Елордада травматология және анестезиология саласында тәжірибе алмасу бойынша шеберлік сабағы өтті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Қалалық №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында тәжірибе алмасу жиыны алдымен елордалық дәрігерлерге өзге елден келген әріптестерін таныстырумен басталды. Астанаға Қызыл Крест атындағы Қорған облыстық балалар клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі, травматолог-ортопед Анатолий Коробейников пен Илизаров атындағы травматология және ортопедия Ұлттық медициналық зерттеу орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Евреинов арнайы шақырылды.
Травматолог-ортопед Анатолий Коробейников өз сөзінде елордада медициналық көмек көрсету сапасын жоғары бағалады.
Мен Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Кеше науқас жағдайына байланысты бірқатар мәселені талқыладық. Елордада медициналық көмек көрсету жақсы дамыған деп ойлаймын. Ота жасау барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте нәтижелі деп есептеймін. Өйткені әртүрлі жағдай болады. Сондықтан жан-жақты қарастыратын боламыз, - деді дәрігер.
Бүгінгі медицинада ота жасау кезінде жансыздандыру әдісі өзгеріп келеді. Анестезиолог-реаниматолог дәрігері Вадим Евреиновтың сөзінше, жарақат аумағын ғана жансыздандыру әдісі науқастың денсаулығын тез қалпына келтіруге көмектеседі.
Науқастың жарақат орнын ғана жансыздандыру үшін алдымен оның жүйке талшықтарын тауып алу қажет. Сол арқылы біз тек анықталған орынға ғана анестезия әдісін қолданамыз. Жалпы жансыздандыру әдісін қолданбаймыз. Науқас тек ұйықтайды және өз еркімен тыныс алады. Ал ота аяқталған соң оған қатты ауыр болмайды. Қалпына келу процесі тез жүреді. Негізі бұл әдіс бұрыннан бері бар. Тіс дәрігерлері әлі де қолданып келеді. Сондықтан да дәрігерлер осы әдісті қайтадан қолдануды шешті. Біз бүгін түсіндіретін әдістер елордалық балалардың денсаулығына он нәтиже береді деп сенеміз. Барлық әріптестеріме сәттілік тілеймін, - деді анестезиолог маман.
Ресейлік дәрігерлер елордалықтарға балаларға жалпы анестезияның «ауыр» түрлерін қолданбай, заманауи жарақат аумағын жансыздандыру әдісін көрсету үшін ота бөлмесіне барды. Олар осыдан үш жыл бұрын балалар ойын алаңында құлап, бұғана сүйегін сындырып алған Алтын есімді қызға ота жасады. Анасы Әлияның сөзінше, бұған дейін ота жасалғанымен, нәтижесі ойдағыдай болмаған.
Қызым құлап қалған кезде оның бұғана сүйегіне шұғыл ота жасалды. Бәрі жақсы болды, артынан пандемия басталып кетті. Биыл көктемде біз рентгенге түстік, сол кезде бұғана сүйегі толық жазылмағанын байқадық. Мен жарты жыл бойы білікті хирург іздедім. Мәскеу, Қытай және Түркия елдеріне баруды жоспарлаған едік. Бірақ біздің осы ауруханадағы дәрігеріміз қараша айында ресейлік білікті дәрігерлер келетінін айтып, ота жасауға рұқсат беруімді сұрады. Мен бұл дәрігерлер туралы оқып, әбден зерттедім. Міне, бүгін ота жасауға дайындалып келдік. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін, - деді Алтынның анасы.
Ауруханың жарақат пунктіне жаз мезгілінде 400-ге жуық бала келеді. Оның ішінде 10 шақты балаға шұғыл ота жасалынады. Ал елордада ай сайын шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасу жиындары өтеді.
Аурухананың травматолог-ортопед маманы Олжас Байназаров өз сөзінде травматология саласында ұзақ уақыттан бері тәжірибе алмасу кездесуі өтіп тұрғанын айтты.
Балалар арасында сүйек сынығы жиі кездеседі. Әсіресе, біздің ауруханада жаз-қыс мезгілдерінде абайсызда құлап, жарақат алған балалар көп келеді. Біздің дәрігерлердің күніне бірнеше ота жасауға қолы үйренген. Бірақ медицина саласында жүргендіктен әрқашан тәжірибе алмасып тұрған өзімізге де пайдалы деп ойлаймын.
Бүгін бізге Қорған қаласынан екі дәрігер келді. Олар балалардың аяқ-қолдары сынығына ота жасау барасында жалпы организмге азырақ зиян тигізетін жансыздандыратын әдісті көрсетеді. Негізінде сынық болған кезде гипспен ұзақ жүргенше, одан да ота жасаған тиімдірек. Бала отадан кейін қозғала бастайды. Оның өмір сүру сапасы артады, - деді травматолог-ортопед.