А.Бимендина: Президент ТЖ режимін уақытылы енгізбегенде қазіргі жағдайды болжаудың өзі қиын
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Талап» АҚ коммерциялық емес ұйымы президентінің кеңесшісі Асима Бимендина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясының елімізде таралғанына айдан астам уақыт болды. Халық барлық жағдайды түсінді. Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Карантин созылғаннан кейін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем ары қарай да жалғасатыны белгілі болды. Бүгінге дейін 4 млн 250 мың адам қаражаттай комек алды. Ал 1 млн 600 мың адамның коммуналдық төлеміне қаржы бөлінді. Бұл мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау. Қазір шағын бизнесі бар кісілер де қиын жағдайда отыр. Оларға салық төлеу жолында қолдау көрсетіліп жатыр. Сол сияқты медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу оң шешім деп білемін. Бірақ індет бір-ақ күнде басыла қоймайтынын ескеру қажет. Карантиннің 11 мамырға дейін созылуы мемлекеттің халықтың жағдайын ойлап отырғанының бір белгісі. Бұл осыған дейін атқарылған еңбектің еш кетпеуі үшін жасалып отыр. Осы орайда айтарым, әр адам өз айналасындағы жұртты ойлауы қажет», - дейді Асима Бимендина. Сөзін жалғай отырып, тәртіпке құл болған, шыдамдылыққа бой алдырып, бірлігі жарасқан ел ғана қауіпті індетті жеңіп шығуға қабілетті екенін ерекше атап өтті. «Қалалық әкімдік Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді толығымен атқарып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Осы қарқынмен жалғаса берсе бұл індеттен жылдам өтеміз деп үміттенемін. Мемлекет тарапы барлық мән-жайды сүзгіден өткізіп, талдау жүргізіп отырғанына сенімдімін. Бүгінге дейін үлкен жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдай режимінің уақытында енгізілуінің нәтижесінде індеттің ауқымы өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Карантин тәртібі енгізілмегенде қазіргі жағдайымыз қандай боларын болжаудың өзі қиын. Бәрі өз орнымен жасалып жатыр», - дейді Қоғамдық кеңес мүшесі. Сөз арасында төтенше жағдай режимінің салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету жұмысы жоспар бойынша жасалып жатқанын айрықша атап өтті. «Мұндай қиын жағдайда әр мемлекеттің өз жоспары бар. Біздің еліміз де өзінің жоспары аясында жұмыс істеп келеді. Билік тарапы бюджет қорын қарастырып, әлеуметтік көмек тағайындады. Одан бөлек ел азаматтары Елбасының бастауымен құрылған «Birgemiz» қорына қаржы аударды. Сол сияқты халыққа азық-түлік түрінде көрсетіліп жатқан көмек те тығырықтан шығуға септігін тигізіп отыр», - дейді А.Бимендина. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе рейсін ашу туралы шешімін ерекше атап өтті. «Мемлекет басшысы әуе рейстерін ашу туралы оң шешім қабылдады. Меніңше әуе рейсін бір жылға, тіпті жарты жылға тоқтату дұрыс емес, ол үлкен шығынға алып келеді. Оның үстіне екі қаланың ортасында мынадай қысылтаяң кезде байланыс болуы керек. Әуе байланысы әсіресе екі қаланың дәрігерлеріне аса қажет. Дегенмен бақылау органдары барынша сақ болып, жағдайды назарда ұстауы керек», - деп Асима Бимендина ойын қорытты.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Талап» АҚ коммерциялық емес ұйымы президентінің кеңесшісі Асима Бимендина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясының елімізде таралғанына айдан астам уақыт болды. Халық барлық жағдайды түсінді. Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Карантин созылғаннан кейін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем ары қарай да жалғасатыны белгілі болды. Бүгінге дейін 4 млн 250 мың адам қаражаттай комек алды. Ал 1 млн 600 мың адамның коммуналдық төлеміне қаржы бөлінді. Бұл мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау. Қазір шағын бизнесі бар кісілер де қиын жағдайда отыр. Оларға салық төлеу жолында қолдау көрсетіліп жатыр. Сол сияқты медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу оң шешім деп білемін. Бірақ індет бір-ақ күнде басыла қоймайтынын ескеру қажет. Карантиннің 11 мамырға дейін созылуы мемлекеттің халықтың жағдайын ойлап отырғанының бір белгісі. Бұл осыған дейін атқарылған еңбектің еш кетпеуі үшін жасалып отыр. Осы орайда айтарым, әр адам өз айналасындағы жұртты ойлауы қажет», - дейді Асима Бимендина. Сөзін жалғай отырып, тәртіпке құл болған, шыдамдылыққа бой алдырып, бірлігі жарасқан ел ғана қауіпті індетті жеңіп шығуға қабілетті екенін ерекше атап өтті. «Қалалық әкімдік Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді толығымен атқарып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Осы қарқынмен жалғаса берсе бұл індеттен жылдам өтеміз деп үміттенемін. Мемлекет тарапы барлық мән-жайды сүзгіден өткізіп, талдау жүргізіп отырғанына сенімдімін. Бүгінге дейін үлкен жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдай режимінің уақытында енгізілуінің нәтижесінде індеттің ауқымы өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Карантин тәртібі енгізілмегенде қазіргі жағдайымыз қандай боларын болжаудың өзі қиын. Бәрі өз орнымен жасалып жатыр», - дейді Қоғамдық кеңес мүшесі. Сөз арасында төтенше жағдай режимінің салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету жұмысы жоспар бойынша жасалып жатқанын айрықша атап өтті. «Мұндай қиын жағдайда әр мемлекеттің өз жоспары бар. Біздің еліміз де өзінің жоспары аясында жұмыс істеп келеді. Билік тарапы бюджет қорын қарастырып, әлеуметтік көмек тағайындады. Одан бөлек ел азаматтары Елбасының бастауымен құрылған «Birgemiz» қорына қаржы аударды. Сол сияқты халыққа азық-түлік түрінде көрсетіліп жатқан көмек те тығырықтан шығуға септігін тигізіп отыр», - дейді А.Бимендина. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе рейсін ашу туралы шешімін ерекше атап өтті. «Мемлекет басшысы әуе рейстерін ашу туралы оң шешім қабылдады. Меніңше әуе рейсін бір жылға, тіпті жарты жылға тоқтату дұрыс емес, ол үлкен шығынға алып келеді. Оның үстіне екі қаланың ортасында мынадай қысылтаяң кезде байланыс болуы керек. Әуе байланысы әсіресе екі қаланың дәрігерлеріне аса қажет. Дегенмен бақылау органдары барынша сақ болып, жағдайды назарда ұстауы керек», - деп Асима Бимендина ойын қорытты.