Елордада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Бүгін елорда іргесінде жаңадан салынған «Көктал-2» тұрғын алабындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Чемпионаттың салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 300-ден астам зілтемірші қатысып жатыр. Олар алты күн бойы бақ сынайтын болады.
Ашылу салтанатынан кейін қалалық Спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жұлқа және серпе көтеруден рекорд орнатқан елордалық Едіге Ембердіге Халықаралық ауыр атлетика федерациясының естелік сыйлығын табыстады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойнатылып, жалпы командалық есеп бойынша жеңімпаз командалар анықталады.
Айта кетейік, жарыс 29 қарашаға дейін «Көктал-2» тұрғын алабындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде (Баршын көш. 30/2) жалғасады.
-->Бүгін елорда іргесінде жаңадан салынған «Көктал-2» тұрғын алабындағы дене шынықтыру сауықтыру спорт кешенінде 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Чемпионаттың салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.
Дүбірлі додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 300-ден астам зілтемірші қатысып жатыр. Олар алты күн бойы бақ сынайтын болады.
Астанада ауыр атлетикадан ел біріншілігі тартысты өтіп жатыр. Жалпы елордаға алғаш рет келіп тұрмын. Арманым Олимпиада чемпионы болып, көк туымызды көкте желбіреткім келеді, - дейді Жамбыл облысы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінен келген Айтбай Әділет.