Елорда жаңалықтары

Астанада биылғы соңғы бос орындар жәрмеңкесі өтті

Елордада кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші қатысты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Астанада биыл 10-рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде жұмыс табуға ниетті жандар қатары көп болды. Білім, сауда, қаржы, құрылыс саласындағы мекемелер жұмыс іздеп жүрген азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түйіндемелерін қабылдады.

Қалалық Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Бақыт Ракишова өз сөзінде осымен бос орындар жәрмеңкесі болмайтынын жеткізді.

Қалалық Полиция департаменті бос орындар жәрмеңкесіне тұрақты қатысып келеді. Себебі, елордадағы жедел ден қою арнайы жасағында 168 бос жұмыс орны бар. Инспектор Жұмажан Мұсабековтың айтуы бойынша, қалалық бос орындар жәрмеңкесінен кейін 4-5 азамат жұмысқа қабылдауға өтініш білдіреді екен.

Жәрмеңке арқылы жұмыс табуға ниетті азаматтардың бірқатары еңбекке енді араласатын жас маман болса, енді бірі тұрмыстық жағдайға байланысты жұмыс орнын ауыстыруды көздейді. Елордаға 2 ай бұрын қоныс аударған Шырайлым Елубаева биология пәнінің мұғалімі. Бірақ өз еркімен жұмыс таппаған соң, жәрмеңкеден жұмыс табуға үмітті.  

-->

Биыл жоспар бойынша 10 қалалық бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Енді келесі жылы қай уақытта тағы болатыны әзірге белгісіз. Ай сайын ұйымдастырылып келген жәрмеңкеге шамамен 200-400 адам қатысып келді. Оның ішінде қалаған жұмысын тауып, еңбек етіп жатқан адамдар да бар, - деді бөлім басшысы.

Қалалық Полиция департаменті бос орындар жәрмеңкесіне тұрақты қатысып келеді. Себебі, елордадағы жедел ден қою арнайы жасағында 168 бос жұмыс орны бар. Инспектор Жұмажан Мұсабековтың айтуы бойынша, қалалық бос орындар жәрмеңкесінен кейін 4-5 азамат жұмысқа қабылдауға өтініш білдіреді екен.

Бізде инспектор және жүргізушіге бос жұмыс орындары бар. Оның ішінде инспектор және жүргізушілер де кіреді. Талап бойынша жоғары білімді, заңгер білімі бар, әскерге барған және спорттан бірінші разрядтты қызметкер қажет. Егер құжаттары сәйкес келсе, әрі қарай медициналық тексерістен өтеді, - дейді Жұмажан Мұсабеков.

Жәрмеңке арқылы жұмыс табуға ниетті азаматтардың бірқатары еңбекке енді араласатын жас маман болса, енді бірі тұрмыстық жағдайға байланысты жұмыс орнын ауыстыруды көздейді. Елордаға 2 ай бұрын қоныс аударған Шырайлым Елубаева биология пәнінің мұғалімі. Бірақ өз еркімен жұмыс таппаған соң, жәрмеңкеден жұмыс табуға үмітті.  

Біз елордаға жақында ғана көшіп келдік. Өзім көпбалалы анамын. Отағасы жұмыс істейді, бірақ қазіргі қымбатшылық заманда үйде бос отырмау қажет деп ойлаймын. Екі ай бойы балаларымды мектепке барып-келуді үйреттім, қосымша сабақтарға апардым. Енді өзім жұмыс іздеуге кірістім. Өзім 15 жыл бойы биология пәнінен сабақ бердім. Мектептерге бардым, бірақ орын болмады. Бүгін бос орындар жәрмеңкесі болады деген соң, үлкен үмітпен келдім. Жұмыс табатыныма сенімдімін, - деді қала тұрғыны Шырайлым Елубаева.