Елорда емханалары 50 жаңа автокөлік алды
Астана емханалары жаңа автокөліктерге ие болды. Автопарк шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдау шақыруларын орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Осы жылдың қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды.
Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды, 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл соңына дейін тағы 10 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.
-->Астана емханалары жаңа автокөліктерге ие болды. Автопарк шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдау шақыруларын орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды, деп хабарлады Elorda.info.