Елорда жаңалықтары

Президент үндеуі қарапайым халықтың жағдайын реттеуге арналды – РҺD докторы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі, РҺD докторы Индира Рыстина Президенттің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының қорытынды отырысындағы мәлімдемесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында халыққа кезекті үндеу жасады. Онда елдегі төтенше жағдай кезінде көптеген реформа жасалып, соның бір өтпелі кезеңінің аяқталғаны айтылды. Үндеудің басты ерекшелігі - ол халыққа бағытталды, оның ішінде қарапайым халықтың жағдайын реттеуге арналды. Нақтыласақ, бұл үндеуде 7 негізгі бағыт қойылды. Оның барлығы да біздің мемлекетіміздегі қоғамның орта тобына әрі қаржылық жағынан аз қамтылған секторға бағытталған», - деді Рыстина. Ғалым Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамыту мен «5-10-20» деген бағдарламаның енгізілуін ең үлкен қадам деп атады. Себебі бұл халыққа тұрғын үй мәселесін шешуге үлкен көмек болмақ. Оның айтуынша, қазір халықтың көбінің тұрмыс жағдайы ауыр және пандемия кезінде өзінің жұмыс орнынан, табыс көзінен айырылған халыққа бұл үлкен қолдау болады. «Біздің ұлттық экономикамызды көтеруге бағытталған ұсыныстар да көңілге қонды. «Қазақстанда жасалған» деген брендке назар аударылып, ұлттық өнімдерімізді көбейту керектігі айтылды. Сондай-ақ, Президент зейнетақыға жинақталған қаржымызды пайдалану мүмкіндіктері мен Мақтааралдағы су апаты жайлы да айтып өтті», - дейді ол. Индира Рыстинаның пікірінше, пандемия кезіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі бұл тарихи және ерекше қадамдардың жиынтығы болды. Себебі осы аралықта 500-ге жуық шешім қабылданды. Доктор бұл саясаттану бойынша ғылымның дамуына үлес қосып, оқулықтарға саяси теорияның бір көрінісі ретінде енетініне сенім білдірді.

-->