Астанада жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
Елорданың Бас жоспарында қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа орындар туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәселен 2023 жылы Үркер (Ильинка), Телман елді мекендерінде, Ш.Айтматов көшесі аумағында, Ж.Тәшенов пен Т.Хусейн көшелерінің қиылысында, Абай даңғылында гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр. Сол сияқты Абылайхан даңғылының бойында, Күйші Дина көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта, Жүргенов көшесі, 28/1, Қошқарбаев көшесі, 45, Қордай және Тайқазан көшелерінің қиылысында, К.Әзірбаев көшесі, 10-14 және т.б. мекенжайларда аллея болады. Айта кету керек, соңғы жылдары Астанада жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылуда.
Сонымен қатар Үлкен және Кіші Талдыкөл бойында экопарктер салынады. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, Үлкен және Кіші Талдыкөл су балансын сақтап әрі толықтыра отырып, рекреациялық аймақ салуды көздейді. Су айдындары салынады, олар сумен қамтамасыз етіледі. Бұл судың тепе-теңдігін сақтауға және судың табиғи түрде сүзілуін жасауға, экожүйенің биоәртүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Кіші Талдыкөл ауданында саябақтың рельефін құру және ағаш отырғызу үшін аумақты дайындау жұмысы басталған болатын. Сол сияқты Үлкен Талдыкөл маңында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.
Соңғы жылдардың өзінде Астанада 900-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мәселен биыл Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, «Встреча» сауда үйі жанындағы қоғамдық кеңістік, «Бейбітшілік және келісім» саябағы, қалалық алаң және т.б. салынды.
Астананың Бас жоспарының жобасы талқылау кезеңінде тұр. Қаланың Бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС ғимаратында, Астана қаласы, Ә.Мамбетов к-сі, 22, көрме залы мекен-жайында өтеді.
-->Елорданың Бас жоспарында қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа орындар туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.