Биыл аттестат табыстау және соңғы қоңырау рәсімі 3-4 маусым күндері өтеді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте биылғы соңғы қоңырау мен ҰБТ-ның қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «3,3 миллион мектеп оқушысы мен колледж және жоғары оқу орындарының 1 миллион студентіне қашықтықтан білім беру жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Аттестаттарды табыстау және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектептерде, ашық аспан астында белгілі бір мөлшердегі адамдардың қатысуымен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтеді», – деді вице-премьер. Оның айтуынша, 20 маусымнан бастап ҰБТ-ны 168 базада санитарлық ережелерді қатаң сақтау арқылы штаттық режимде өткізу жоспарланып отыр.
-->ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте биылғы соңғы қоңырау мен ҰБТ-ның қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «3,3 миллион мектеп оқушысы мен колледж және жоғары оқу орындарының 1 миллион студентіне қашықтықтан білім беру жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Аттестаттарды табыстау және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектептерде, ашық аспан астында белгілі бір мөлшердегі адамдардың қатысуымен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы өтеді», – деді вице-премьер. Оның айтуынша, 20 маусымнан бастап ҰБТ-ны 168 базада санитарлық ережелерді қатаң сақтау арқылы штаттық режимде өткізу жоспарланып отыр.