Елорда жаңалықтары

Елордадағы колледжде жұмыс берушілерге арналған ашық есік күні өтті (ФОТО)

Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде жұмыс берушілерге арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Білім беру саласының алдында тұрған негізгі міндеттің бірі – нарық қатынасына сай бәсекеге қабілетті маман даярлау. Білім алушыға теориялық білім берумен қатар, практикалық дағдысын шыңдау маңызды. Бүгінде колледждер мен ЖОО академиялық дербестік алып, жұмыс берушінің талап-талғамына сай мамандарды дайындауға күш салуда.

Жоғары сауда-экономикалық колледжінде өткен іс-шарда осы бағыттағы жаңашыл жұмыстарға куә болдық. Академиялық дербестік аясында әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатуды мұрат еткен колледж директоры Мырзабек Күжімов білім ордасының материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҰҒА академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұргүл Ахметова келді. Қатысушылар арасында «Баркат» Консорциум, «СкифТрейд» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «HomeBakery» (кондитер дүкені), «ИнкомАстана» ЖШС, «Первый БИТ» ЖШС, «1С Батыр» ЖШС, «Metro Cash&Carry» ЖШС, «Сервис-Аудит» ЖШС, «Арка» мейрамханалар желісі, «Детский мир – Қазақстан» ЖШС және т.б. белгілі компаниялар болды.

Алдымен колледж басшысы «Студент» оқу-практикалық зертханасына жол бастап, шәкірттерді асхана ісіне машықтандырудың тиімді тәсілімен таныстырды. Білім алушы дара кәсіпкерлікті ашып, бугалтерлік есеп беру және т.б. сүйемелдеп, тіпті бугалтер 1С бағдарламасын үйрететінін сөз етті.

Білім ордасы Қазақстан бойынша Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкінің грантын алған жалғыз колледж екен. Халықаралық банктің каржысы есебінен жасақталған «Ақпарат білім беру орталығы» заманауи компьютермен жабдықталыпты. Ал «Оқу-практикалық зертханасында» маркетингтік білім беруге басымдық беріліпті.

Бізді компьютер техникасын жөндейтін диагностикалық орталықтың жұмысы қызықтырды. Мұнда студенттер комьпютерді ашып, қажетті бөлшектерді ауыстырып, қайта жинайды екен.

Бағдарламалық қамтамасыз ету пәнінің мұғалімі Эльмира Ағзамның сөзінше, комьпютерлік графика пәнінде студенттер Adobe Photoshop, CorelDRAW, Adobe Illustrator бағдарламасын үйреніп, түрлі буклеттер мен баннерлер дайындайды. Соңы түптеп, кесетін арнайы құрылғылар бар. Үлкен баннер шығаруға арналған «Experience Cloud Printing» құрылғысы да іске жарап тұр. Ең қызығы, тәлімгерлер сайттың макетін жасап, үйренеді.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқу-өндірістік зертханасында әлеуметтік серіктес мастер-класс өткізіп, студенттерге кондитер өнімдерін дайындауды көрсетті. Онда асханаға қажетті тағам түрлерін дайындайтыны, қысқасы, студенттер білім алып қана қоймай, практикалық тәжірибесін шыңдап, қаржы табуға дағдыланады. Диплом алғанда кәсіби маман ретінде қалыптасады.

Директор жұмыс берушілермен кадрларды даярлаудың өзекті мәселесін талқылап, академиялық дербестік, индустриалды кеңес жұмысы, дуальды оқыту, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ақылдасты.

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев колледжден алған әсіремен бөліссе, «Арка» мейрамханалар желісінің өкілі студенттерге дәріс оқыды.

Іс-шара колледж директоры мен әлеуметтік серіктестер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюмен түйінделді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

-->

Бұл колледжді саналы түрде таңдадым. Өйткені мұнда өз саласының тәжірибелі мамандарынан білім алуға мүмкіндік мол. Мәселен, 1С бағдарламасын колледждің бас есепшісінен үйреніп жатырмыз, – деді маркетинг мамандығы бойынша білім алатын Диляра Балғабайқызы.