Елорда жаңалықтары

Елордадағы әл-Фараби көшесі көшіріле ме

Жақында Астана қаласы Ономастика комиссиясының кезекті отырысында елорданың кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстар қаралып, қолдау тапты. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауында бұл ұсыныстармен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы ауданындағы А 23 жобалық көшеге Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері, майдангер-жазушы, журналист, прозашы Әскен Нәбиевтің есімін беру ұсынылған.

Сондай-ақ осы аудандағы А 24 жобалық көшеге көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің атын беру, № 23-16 көше мен Мағжан Жұмабаев даңғылын біріктіріп, Мағжан Жұмабаев даңғылы деп атау, Гейдар Әлиев көшесіне Қостанай облысындағы елді мекен атауы Диханкөл деген атауды беру ұсынылды.

Ал Есіл ауданындағы Е 12 жобалық көшеге қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынысы мақұлданды.

Е 20 жобалық көшеге әйгілі академик, энергетик-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы энергетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі Шапық Шөкиннің, Е 753 жобалық көшеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы ғалым, дәрігер, профессор, педагог Санжар Асфендияровтың, Бұқар жырау көшесінен басталып (Ботаникалық саябақ аумағы), № 29/1 көшесінде аяқталатын Сауран көшесінің қысқа бөлігін Әзербайжан Республикасының бұрынғы Президенті Гейдар Әлиевтің аты ұсынылды. Бұрынғы Сәбит Мұқанов көшесін Ақмола облысындағы елді мекен атауы Қостомар деп қайта атау туралы қорытынды жасалды.

Сарыарқа ауданындағы 187 жобалық көшеге балалалар әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы, бәріміз білетін «Менің атым Қожа» шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың, 189 жобалық көшеге қазақ даласынан шығып, Мысыр елінде 17 жыл Мәмлүктердің сұлтаны болған, тарихтағы аса көрнекті қолбасшы Бейбарыс сұлтанның есімі ұсынылды.

Ал Байқоңыр ауданындағы Мәншүк Мәметова көшесіне Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда болған, ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қаланың атауы Қарамерген деген ат ұсынылған.

Одан кейін сөз сөйлеген Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің және қалалық Ономастика комиссиясының мүшесі Мәдина Әжікенова, мәслихат депутаты, қалалық Ономастика комиссиясының мүшесі Ерлан Дәкенов ұсыныстарды қолдауды сұрады.

Мәселені талқылау барысында мәслихат депутаты Азамат Айтхожин мен мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың Қостомар атауына қатысты сұрақтары туындады. Олар осы атауға қатысты әлі де ойлана түсу керектігін айтып, ономастика комиссиясына қайта қарауына жіберді.

Ерлан Каналимов тұлғалардың атына көше бергенде сол көшенің бойына сол тұлға туралы ақпаратты орналастыру керектігін, әлемдік тұлға әл-Фарабиге кезінде қаланың өнеркәсіптік аймақтан, шаһардың шетінен көше берілгені дұрыс еместігін айтты.

Отырысты жүргізген мәслихат депутаты Гүлжамал Жапарова қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров атындағы көше лайық емес жерде, қаланың шетінде орналасқанын айтып, оны да көшіру керектігін айтты. Осы мәселеге жауап берген Сәкен Есіркеп кезінде мұндай ұсыныс республикалық ономастика комиссиясына жолданып, қабылданбағанын жеткізді. Мәслихат тарапынан тиісті ұсынысты аталмыш комиссияға қайта жолдауды ұсынды.                                                                                          

                                                                                         Аманғали ҚАЛЖАНОВ

-->

Әскен ағамыз осы жердің тумасы, келер жылы қаламгердің туғанына мерейлі 100 жыл толмақ. Айта кету керек, бұл ұсыныс қалалық мәслихат тарапынан да жолданған болатын, – деді С. Есіркеп.

Сондай-ақ осы аудандағы А 24 жобалық көшеге көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің атын беру, № 23-16 көше мен Мағжан Жұмабаев даңғылын біріктіріп, Мағжан Жұмабаев даңғылы деп атау, Гейдар Әлиев көшесіне Қостанай облысындағы елді мекен атауы Диханкөл деген атауды беру ұсынылды.

Ал Есіл ауданындағы Е 12 жобалық көшеге қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынысы мақұлданды.

Қазіргі Мәншүк Мәметова көшесі Байқоңыр ауданында орналасқан, өте қысқа, ұзындығы 100 метрдей ғана. Биыл – Мәншүк апамыздың туғанына 100 жыл. Сондықтан батыр апамыздың есімін лайықты көшеге ауыстырып отырмыз, – деді баяндамашы.

Е 20 жобалық көшеге әйгілі академик, энергетик-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстандағы энергетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі Шапық Шөкиннің, Е 753 жобалық көшеге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы ғалым, дәрігер, профессор, педагог Санжар Асфендияровтың, Бұқар жырау көшесінен басталып (Ботаникалық саябақ аумағы), № 29/1 көшесінде аяқталатын Сауран көшесінің қысқа бөлігін Әзербайжан Республикасының бұрынғы Президенті Гейдар Әлиевтің аты ұсынылды. Бұрынғы Сәбит Мұқанов көшесін Ақмола облысындағы елді мекен атауы Қостомар деп қайта атау туралы қорытынды жасалды.

Сарыарқа ауданындағы 187 жобалық көшеге балалалар әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы, бәріміз білетін «Менің атым Қожа» шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың, 189 жобалық көшеге қазақ даласынан шығып, Мысыр елінде 17 жыл Мәмлүктердің сұлтаны болған, тарихтағы аса көрнекті қолбасшы Бейбарыс сұлтанның есімі ұсынылды.

Ал Байқоңыр ауданындағы Мәншүк Мәметова көшесіне Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда болған, ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қаланың атауы Қарамерген деген ат ұсынылған.

Ұсынылып отырған тұлғалардың есімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ономастика саласында жұмыс барысында қолдануға ұсынған «Тарихи тұлғалар» тізімінде бар, ал елді мекен атаулары «Жер-су атаулары» тізімінен алынды, – деп түйіндеді сөзін Сәкен Есіркеп.

Одан кейін сөз сөйлеген Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің және қалалық Ономастика комиссиясының мүшесі Мәдина Әжікенова, мәслихат депутаты, қалалық Ономастика комиссиясының мүшесі Ерлан Дәкенов ұсыныстарды қолдауды сұрады.

Мәселені талқылау барысында мәслихат депутаты Азамат Айтхожин мен мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың Қостомар атауына қатысты сұрақтары туындады. Олар осы атауға қатысты әлі де ойлана түсу керектігін айтып, ономастика комиссиясына қайта қарауына жіберді.

Ерлан Каналимов тұлғалардың атына көше бергенде сол көшенің бойына сол тұлға туралы ақпаратты орналастыру керектігін, әлемдік тұлға әл-Фарабиге кезінде қаланың өнеркәсіптік аймақтан, шаһардың шетінен көше берілгені дұрыс еместігін айтты.

Өткен жылы бір істі қолға алдық. Қаланың негізгі көшелерінің барлық аялдамаларына QR-код орналастырдық. Сол арқылы көшеге аты берілген тұлға туралы үш тілде 1,5 минуттық ақпарат алуға болады. Алдағы уақытта мұны тұрғын алаптарда да жалғастырамыз. Ал әл-Фараби көшесін №38 көшеге көшіру туралы Мәдениет және спорт министрлігі, қала әкімдігі деңгейінде ақылдасып жатырмыз. Бұл - Қабанбай батыр даңғылына дейін баратын Тәуелсіздік даңғылының үлкен жалғасы. Министрлік тарапынан қолдау көрсетеміз деген жауап келді. Бұл мәселені ономастика комиссиясының алдағы отырысына енгіземіз. Бесінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр. Оған Қараөткел, Бозоқ секілді тарихи атауларды ұсынып жатырмыз, - деді Сәкен Есіркеп.