Б.Мәкен: Елордадағы жағдайды бақылауда ұстау үшін 15 мыңнан астам камера жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ел астанасында коронавирус инфекциясының белең алмауы үшін атқарылып жатқан шаралардың барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өздеріңізге белгілі, ТЖ кезінде оперативті штаб жұмыс істеп жатыр. Штабта арнайы видеоқабырға, яғни блок-бекеттерді мониторингілейтін қалалық бейнебақылау жүйесі орнатылды. Қаладағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау үшін 15 мыңнан астам камера жұмыс істейді. Біз карантиндік шараларды күшейту жұмыстарын енгізгелі бері 26 мың мобильдік бекет орнатылды», - дейді қала әкімінің орынбасары. Ол сөз арасында бүгінге дейін карантин тәртібін бұзған қала тұрғындары мен жүргізушілер туралы мәлімет берді. «Карантин тәртібін бұзған 3 мыңнан астам адам жазаға тартылды, 1 100-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазір бұл мобильдік бекет күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал көлік ағыны көп тұстарда профилактика режимінде жұмыс істейді», - дейді Б.Мәкен. Сонымен қатар, дезинфекция жұмысына әскери міндеттілер жұмылдырылғанын айтып өтті. Алғашқы кезеңде 100 әскери міндетті шақырылғанын, олардың бәрі өз еркімен келгенін жеткізді. Айтуынша қосымша тағы 50 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.
-->Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ел астанасында коронавирус инфекциясының белең алмауы үшін атқарылып жатқан шаралардың барысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өздеріңізге белгілі, ТЖ кезінде оперативті штаб жұмыс істеп жатыр. Штабта арнайы видеоқабырға, яғни блок-бекеттерді мониторингілейтін қалалық бейнебақылау жүйесі орнатылды. Қаладағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау үшін 15 мыңнан астам камера жұмыс істейді. Біз карантиндік шараларды күшейту жұмыстарын енгізгелі бері 26 мың мобильдік бекет орнатылды», - дейді қала әкімінің орынбасары. Ол сөз арасында бүгінге дейін карантин тәртібін бұзған қала тұрғындары мен жүргізушілер туралы мәлімет берді. «Карантин тәртібін бұзған 3 мыңнан астам адам жазаға тартылды, 1 100-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазір бұл мобильдік бекет күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал көлік ағыны көп тұстарда профилактика режимінде жұмыс істейді», - дейді Б.Мәкен. Сонымен қатар, дезинфекция жұмысына әскери міндеттілер жұмылдырылғанын айтып өтті. Алғашқы кезеңде 100 әскери міндетті шақырылғанын, олардың бәрі өз еркімен келгенін жеткізді. Айтуынша қосымша тағы 50 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.