Әлем чемпионы елордалық Дидар Мұхамеджановқа спорттық арба сыйға тартылды
Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты Талғат Кожахметов және қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев паралимпиадалық жаттықтыру орталығына арнайы барып, Бергамо қаласынан жеңiспен оралған пара каратэшілерді құттықтап қайтты, деп хабарлайы Elorda.info.
Қос алтын иеленген астаналық Дидар Мухамеджанов пен Ләззат Жүсіпованың кешкі жаттығу барысын тамашалап, жеке бапкерлеріне алғыстарын білдірді.
Чемпиондармен кездесу барысында Ерлан Каналимов Астана қаласының спорт саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, бұл жетістік үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.
Кешкі жаттығу кезінде еліміздің абыройын асқақтатқан пара каратэшілермен мен спорт жаттықтырушысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов пен мәслихат депутаты Талғат Қожахметов гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ, Дидарға мәслихат депутаты Талғат Қожахметов талантты спортшыға демеу болатынын айтып қозғалысқа арналған спорттық арбаны сыйға тартты.
Көктен тілегені жерден табылғанына қуанған Дидар ел ағасына деген ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында паралимпиадалық жаттықтыру орталығын аралап, спортшылармен тілдесіп, алдағы желтоқсан айында Ташкентте өтетін пара каратэден Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеп қайтты.
Өз кезегінде пара каратэшілер мен жаттықтырушысы Тойжан Алшынова көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Кез-келген спортшыға бұйыра бермейтін сіздердің айқын жеңістеріңіз - барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Астана қаласы үшін зор мақтаныш. Ата-аналарыңыздың көз қуанышы болып, осындай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер. Осы орайда, спортшылардың айтулы жарыста алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінуіне, осындай каратэ шеберлерін спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі өлшеусіз, – деп ізгі лебізін жеткізді қалалық мәслихат хатшысы.
Кешкі жаттығу кезінде еліміздің абыройын асқақтатқан пара каратэшілермен мен спорт жаттықтырушысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов пен мәслихат депутаты Талғат Қожахметов гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ, Дидарға мәслихат депутаты Талғат Қожахметов талантты спортшыға демеу болатынын айтып қозғалысқа арналған спорттық арбаны сыйға тартты.
Көктен тілегені жерден табылғанына қуанған Дидар ел ағасына деген ризашылығын білдірді.
Бұл күнді мен ұзақ күттім. Қуанышымда шек жоқ. Алдағы уақытта сенімдеріңізді ақтап, биік белестерден көрінуге бар күш-жігерімді саламын, - деді спортшы.