Елорданың арнайы обсервациялық емханасында 2 мыңға жуық адам тексерілді
Нұр - Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы коронавируспен күрес шаралары жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Астанада №2 қалалық аурухана тәулік бойы қызмет көрсетеді. Онда тұмау белгілері бар пациенттерді қабылдауға арналған обсервациялық емхана жұмыс істейді. Ол жерде коронавирус инфекциясын анықтау үшін зертханалық - диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл бізге келген адамдардан тұмау мен басқа клиникалық ауруларды тиімді және жылдам анықтауға мүмкіндік берді. 24 сәуірдегі жағдай бойынша, обсервациялық емханада коронавирус инфекциясына 1925 адам тексерілді. Олардың 66-сынан вирус анықталды», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->Нұр - Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы коронавируспен күрес шаралары жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Астанада №2 қалалық аурухана тәулік бойы қызмет көрсетеді. Онда тұмау белгілері бар пациенттерді қабылдауға арналған обсервациялық емхана жұмыс істейді. Ол жерде коронавирус инфекциясын анықтау үшін зертханалық - диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл бізге келген адамдардан тұмау мен басқа клиникалық ауруларды тиімді және жылдам анықтауға мүмкіндік берді. 24 сәуірдегі жағдай бойынша, обсервациялық емханада коронавирус инфекциясына 1925 адам тексерілді. Олардың 66-сынан вирус анықталды», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.