Елордада 8 «Халық Қаһарманы» және 7 «Қазақстанның Еңбек Ері» тұрады
Елордада мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, Парламент депуттарының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 1-республикалық конференциясы өтті, деп Elorda.info.
Оның жұмысына мемлекеттік мекемелердің жоғары басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар бірлестіктіктің тұжырымдамасын, өңірлерде филиалдар ашу және т.б. мәселелерді талқылады.
Бүгінде республикада 44 жоғары дәрежелі «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» бар. Олардың ішінде ең үлкені – 92 жаста, ал ең кішісі – 38 жаста. Айта кетейік Астана қаласында 8 «Халық Қаһарманы» және 7 «Қазақстанның Еңбек Ері» тұрады.
«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы – Бақытжан Ертаев конференция барысында бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.
Сондай-ақ конференция барысында «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ кеңесіне мүше болып сайланған Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын табуы керек екенін айтты.
Конференцияға қатысушылар бірлестіктің тұжырымдамасын, аймақтарда филиалдарды ашу мәселесін талқылап, бекітті.
Аяулым Серік
-->Елордада мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, Парламент депуттарының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 1-республикалық конференциясы өтті, деп Elorda.info.
Оның жұмысына мемлекеттік мекемелердің жоғары басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар бірлестіктіктің тұжырымдамасын, өңірлерде филиалдар ашу және т.б. мәселелерді талқылады.
Бүгінде республикада 44 жоғары дәрежелі «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» бар. Олардың ішінде ең үлкені – 92 жаста, ал ең кішісі – 38 жаста. Айта кетейік Астана қаласында 8 «Халық Қаһарманы» және 7 «Қазақстанның Еңбек Ері» тұрады.
«Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы – Бақытжан Ертаев конференция барысында бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.
Ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту, әр ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігін сезіну – бұл қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі. Мемлекет жас ұрпақты төзімділік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеуге ұмытылады. Кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – патриоттық тәрбие беру. Өз еліміздің батырларын үлгі ретінде көрсетіп, олардың жетістіктерін насихаттау қазіргі жастар арасында патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігіне айналды, - деп атап өтті Бақытжан Ертаев.
Сондай-ақ конференция барысында «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ кеңесіне мүше болып сайланған Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын табуы керек екенін айтты.
Алдыңғы ұрпақтардың дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырта отырып, болашаққа жағдай жасаймыз. Бұл ретте білім берудің маңызы зор. Батырлардың әскери және еңбек ерліктерін насихаттау арқылы жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру, көркем және деректі фильмдер жасау секілді идеологиялық қадамдардың маңызы жоғары. Олардың ішінде адамға, отбасына және тұтастай мемлекетке құрметпен қараудың жағымды бейнелері мен үлгілерін жасау ерекше рөл атқарады, - деді Аягүл Миразова.
Конференцияға қатысушылар бірлестіктің тұжырымдамасын, аймақтарда филиалдарды ашу мәселесін талқылап, бекітті.
Аяулым Серік