Елорда жаңалықтары

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 30-дан 50%-ға дейін көтерілді – Алтай Көлгінов (ФОТО)

Елордамыз мәдени орталық болып саналады. Жұрт сүйсінерлік қойылымдар мен шығармашылық жетістіктердің артында мәдениет және өнер қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олар сол сияқты өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Жылдан жылға мәдени мекемелерге – театрларға, мұражайларға, кітапханаларға баратындар қатары артып келеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram-парақшасында жазды. 

Кездесуде мәдениет саласын дамыту және еңбек жағдайын одан ары жақсарту мәселелері талқыланды. Мәдениет және өнер қайраткерлері мәдени нысандар желісін кеңейту, ғимараттарды жөндеу, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу, жалақы мөлшерін көтеру мәселелерін қозғады, сондай-ақ тұрғын үй және т.б. талқыланды.

Алтай Көлгіновтің жазуынша, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайған.

Оқи отырыңыз: Елордадағы Орталық Азиядағы тұңғыш инклюзивті театр кезекті қойылымын көрсетті

Елордада «Қызжылаған» қойылымы сахналанды

Алтай Сейдірұлы атағандай, ерекше қажеттілігі бар жандардың өтініші бойынша «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру. Ал арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алады.

-->

Кездесуде айтылған проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды, кестеге енгіземіз, – деді қала басшысы.

Алтай Көлгіновтің жазуынша, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайған.

Оқи отырыңыз: Елордадағы Орталық Азиядағы тұңғыш инклюзивті театр кезекті қойылымын көрсетті

Елордада «Қызжылаған» қойылымы сахналанды

Маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үй. Қазақстандық тұрғын үй бағдарламасы (ҚИК) желісі бойынша мәдениет қайраткерлері санатына енгіздік; тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты өзге де тұрғын үй сертификаттары бар.

Осы жылдың маусым айында мәдениет қызметкерлерінің жалақысы (кітапханашылар, суретшілер, мұражай қызметкерлері және т.б.) 30-дан 50%-ға дейін көтерілді. Еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады. Сондай-ақ бірқатар мәдени нысандарға жөндеу жүргізілді. Ал М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жөндеу жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, жөндеу жұмысы 2018 жылы басталған, алайда сыбайлас жемқорлық, оның ішінде мердігер тарапынан да заң бұзылғаны анықталды. Сот рәсімдері аяқталғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, жұмыс қайта жанданды, – елорда әкімі.

Алтай Сейдірұлы атағандай, ерекше қажеттілігі бар жандардың өтініші бойынша «Qanattylar» инклюзивті театры ашылды. Инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беру. Ал арнайы сабақтардың арқасында олар да оңалтудың бір түрін алады.

Мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, оқушыларымызға арналған бірлескен жобаны іске қостық. «Музейдегі оқу күні» жобасы оқушылардың ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. Жоба теориялық білімді бекітуге бағытталған, – деді Астана әкімі.