Елорда жаңалықтары

Елордада «Ататүрік жадымызда» атты көрме ашылды

Елордада Түркия Республикасының негізін қалаушысы, саяси қайраткер Мұстафа Кемал Ататүркті еске алуға арналған «Ататүрік жадымызда» атты көрменің ашылды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ғалымдар, Түркиядан арнайы қонақтар, дипломатиялық корпус өкілдері, зиялы қауым өкілдері және студенттер қатысты.
Түркия елшілегі және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылған көрмеде Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірінен сыр шертетін 40-қа жуық тың фотосуреттер көрсетіледі. Сондай-ақ, ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің концерттік бағдарламасы қойылады.
Айта кеткен жөн, Мұстафа Кемал Ататүрік тек өз ұлтының ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол – ерлікке толы ғұмырын халқының жарқын болашағына, елінің егемендігіне, тұтастығы мен бірлігіне, өсіп-өркендеуіне арнаған ұлы тұлға. Әскери адам бола тұра, ол жаңа мемлекетті заманауи, зайырлы, өркениетті мемлекет ретінде қалады.

-->