Елордада тағы бір мектеп жанынан жылыжай ашылды
Бүгін Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі аумағында «Жасыл мектептер» жобасы негізінде жылыжайдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Болат Өтемұратов қорының бастамасымен бұл экожоба өткен жылы алғаш рет Алматы қаласында іске асырылды. Мектеп оқушыларын экомәдениетке үйрететін жоба елорданың 19 мектебінде жүзеге асырылады.
Жылыжайдың ашылу салтанатында мектеп директоры Гүлжан Төлеуова астаналық білім мекемелерінің ішінде жылыжай орнату таңдауы түскеніне қуанышты екенін жеткізді.
Салтанатты жиында мектептің 7-сынып оқушылары жиналған қауымға жылыжай ішін таныстырды. Елордалық Айқын Абай көкөніс түрлерін атап қана қоймай, олардың адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін айтып берді.
7-сынып оқушысы Мұсаева Сағыныш та жылыжайдың қалай жабдықталғанын айтып, қонақтар қойған сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, жылыжайдың іші тамшылатып суару, электрмен жылыту және фито жарықтандырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған. Жылыжайды орнатуда елорданың аязды қысы да ескерілген. Мектеп оқушылары алғашқы өнімді 3 айдан кейін алуды жоспарлап отыр.
-->Бүгін Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі аумағында «Жасыл мектептер» жобасы негізінде жылыжайдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Болат Өтемұратов қорының бастамасымен бұл экожоба өткен жылы алғаш рет Алматы қаласында іске асырылды. Мектеп оқушыларын экомәдениетке үйрететін жоба елорданың 19 мектебінде жүзеге асырылады.
Жылыжайдың ашылу салтанатында мектеп директоры Гүлжан Төлеуова астаналық білім мекемелерінің ішінде жылыжай орнату таңдауы түскеніне қуанышты екенін жеткізді.
Біздің мектебімізде бүгін тарихи оқиға болғалы жатыр. Қазір елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көп іс-шара жүргізіліп жатыр. Біздің мектептің оқушылары экология тақырыбында өте белсенді. Әртүрлі байқауларға қатысып, өз білімдерін сынайды. Мектеп аумағында орналасқан жылыжайға оқушылар қызығушылық танытып келеді.
Жоба негізінде біздің мектеп аумағында жылыжай болғанына қуаныштымыз. Мектебіміздің оқушылары осы жылыжай ішіне көкөністерді отырғызып, жалпы өсімдіктер әлемін тәжірибе жүзінде танитын болады. Бастапқыда жылыжайды күтіп ұстау жұмыстарына арнайы агроном мамандар атсалысады. Кейін жылыжайды мектеп ішіндегі бағбан мен биология пәнінің мұғалімі бақылайтын болады, - деді мектеп директоры Гүлжан Төлеуова.
Салтанатты жиында мектептің 7-сынып оқушылары жиналған қауымға жылыжай ішін таныстырды. Елордалық Айқын Абай көкөніс түрлерін атап қана қоймай, олардың адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін айтып берді.
Біздің жылыжайда қияр, қызылша, аскөк, сәбіз және қызанақ отырғызылған. Күніне екі рет биология пәнінің мұғалімімен оларды бақылап отырамыз. Дұрыс суырылғанын қарап, топырағын қопсытамыз. Күнделікті теориялық сабақтан бөлек, осылай тәжірибе жүзінде көрген өте қызық. Алдағы уақытта біз дүкенде сатылатын көкөністердің қалай өсетінін көретін боламыз, - дейді оқушы Айқын Абай.
7-сынып оқушысы Мұсаева Сағыныш та жылыжайдың қалай жабдықталғанын айтып, қонақтар қойған сұрақтарға жауап берді.
Мектебімізде жылыжай ашылғанына қуаныштымыз. Енді сыныптастарымызбен бірге олар өнім бергенше күтіп- баптап, қажетті жұмыстарды жасайтын боламыз. Бізге көкөністің өсіп шығу процесі өте қызық. Көкөністер өте нәзік келеді. Алдағы уақытта еңбегіміздің жемісін көреміз деп ойлаймын, - деді ол.