Елорда жаңалықтары

31 жастағы астаналық бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді

Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді,  деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны оның Honda Logo автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арызданған.

Бұл әрекеттен кейін ол бірге тұратын әйелге оған тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып, хабарлама жіберген. Әйел бірден полицияға жүгінді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.
 
-->

Тергеу барысында оның 31 жастағы ер адамы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген. Орын алған жанжалдан кейін ол тынышталмай, Әл-Фараби көшесінде әйелдің көлігін өртеп жіберген, -деп жазылған хабарламада.