Елорда жаңалықтары

Ұлттық құрама мен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жолдастық кездесу өтті

Елордадағы «Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» футболдан Ұлттық құрама команданың мүшелері мен есту қабілеті бұзылған спортышылар арасында футболдан жолдастық кездесу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жасыл алаңның көрігін қыздырып жүрген ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыпберген бастаған бірқатар футболшы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, елорда спортшылары осы жылдың желтоқсан айында есту қабілеті нашар спортшылар арасында Малайзияда футболдан өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, достықты дәріптеген бүгінгі іс-шара алдағы уақытта дәстүрге айналмақ.

Мүмкіндігі шектеулілердің мүмкіндігін кеңейткен ұлттық құраманың жігіттері ойын соңында спортшыларға арнайы өздерінің қолтаңбалары қойылған бірнеше допты сыйға тартты. Сондай-ақ, есту қабілеті төмен спортшыларға тек жеңіс пен жетістік тілеген құрама мүшелері футболға арналған форманы сыйға тарту етіп, естелікке суретке түсті.  

Екі жақты ынтымақтастықты, бауырмалдықты арттыру, сондай-ақ жаттығу мақсатында өткен спорттық бәсекеде достық жеңді.

-->

Бұл жолғы кездесудің жөні бөлек. Себебі бұрындары тек жеңіске жету үшін алаңға шықсақ, бүгін біз достықты дәріптеп, доп тептік. Футбол – досытықты насихаттайтын ойын. Сонымен қатар, командалық ауызбіршілікті де көрсетеді. Сондықтан бұл жолдастық кездесу алдағы уақытта спорттық байланысты арттырады деп ойлаймын. Жас спортшыларға алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз. Қазақ елінің көк туы мен әнұранымызды әлемдік ареналарда шырқата берсін, - дейді Асхат Тағыпберген.

Айта кетейік, елорда спортшылары осы жылдың желтоқсан айында есту қабілеті нашар спортшылар арасында Малайзияда футболдан өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Малайзияға жолдама алғанымыз үшін қуаныштымын. Бұл жолдама тікелей ұлттық құраманың қатарына қосылуға мүмкіндік сыйлайды. Ұлттық құрамамен бір ойын алаңында ойын ойнау арманым болатын. Бүгін, міне, арманым орындалды. Қазақстанның намысын қорғайтынымыз үшін мақтанамын, - деді есту қабілеті төмен спортшылардың бірі Мейрам Абраев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, достықты дәріптеген бүгінгі іс-шара алдағы уақытта дәстүрге айналмақ.

Спортпен шұғылдану адамның көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды, үнемі тың, сергек жүруіне, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл спортшылар – қалалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, сондай-ақ 2022 жылғы жастар арасында өткен ҚР Чемпионатының жеңімпаздары. Бүгінгі ойында мұндағы есту қабілеті нашар спортышылар еліміздің құрама командасындағы жігіттермен тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта да жолдастық кездесу ұйымдастырылып, өз жалғасын табады - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.