Бюджетке қосымша кіріс әкеледі – министр Әлібек Қуантыров
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астанадағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысанды аралады, деп хабарлады Elorda.info.
Министр Астана ЖЭО-2-де (Жылу электр орталығы) болды. Мұнда тариф белгілеу, көмір қазандықтарын газға ауыстыру мәселелерін талқылады.
Бір айта кетерлігі, стансаның жылу энергиясының қуаты – 2 106 Гкал/сағ, электр қуаты – 600 МВт. Өндірілген электр энергиясы елорданың электр жүктемесін және стансаның өз қажеттілігін жабуға жұмсалады.
Кейін басшы интеграцияланған өндірістік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Астана-Технополис арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан кәсіпорынның жалпы ауданы 17 мың шаршы метрді құрайды. Бұл 5 цехтан тұрады. Кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Терезелер, медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары мен металл бұйымдарын шығаратын зауыттың құны 21,7 млрд теңгені құрайды.
Қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту шеңберінде қазіргі уақытта министрлік өкілдерімен бюджеттің шартты шығындарын есептеу пысықталып жатыр.
Сондай-ақ бүгін министр қаладағы «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Астаналықтар министрге өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойды. Атап айтқанда, газдандыру, әлеуметтік нысандарды, оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар, кәріз желілерін салу, сондай-ақ қосымша автобус бағыттарын іске қосу мәселелерін көтерді.
Министр тұрғындардың өтініштерін тыңдап, барлық мәселелер әкімдікпен бірлесіп қаралатынына сендірді.
-->Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астанадағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысанды аралады, деп хабарлады Elorda.info.
Министр Астана ЖЭО-2-де (Жылу электр орталығы) болды. Мұнда тариф белгілеу, көмір қазандықтарын газға ауыстыру мәселелерін талқылады.
Бір айта кетерлігі, стансаның жылу энергиясының қуаты – 2 106 Гкал/сағ, электр қуаты – 600 МВт. Өндірілген электр энергиясы елорданың электр жүктемесін және стансаның өз қажеттілігін жабуға жұмсалады.
Кейін басшы интеграцияланған өндірістік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Астана-Технополис арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан кәсіпорынның жалпы ауданы 17 мың шаршы метрді құрайды. Бұл 5 цехтан тұрады. Кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Терезелер, медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары мен металл бұйымдарын шығаратын зауыттың құны 21,7 млрд теңгені құрайды.
Бұл өндіріс толығымен жеке шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылады. Біз өз тарапымыздан жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа технологиялар енгізілетін осындай салаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Отандық өндіріс тұтынушылық сұранысты арттырады. Мұның барлығы елорда экономикасына оң әсер етіп, бюджетке қосымша кіріс әкеледі, - деді министр.