Соңғы бес жылда 10 мың шақырым республикалық маңызды автомобиль жолы жөнделді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов жолдардың жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру аяқталды. Оның шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс әрі қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделді. Аталған шаралар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 88% дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 71% дейін артты. І мен ІІ техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 34% (8,2 мың шақырым) дейін ұлғайтылды», - деді Сайранбек Бармақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов жолдардың жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру аяқталды. Оның шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс әрі қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделді. Аталған шаралар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 88% дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Жақсы әрі қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 71% дейін артты. І мен ІІ техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 34% (8,2 мың шақырым) дейін ұлғайтылды», - деді Сайранбек Бармақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.