Айбатыр Жұмағұлов: Әрбір дәрігер жұмыс істеген уақытына байланысты жалақы алады
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов емхана қызметкерлеріне де үстемеақы төленетінін, сол сияқты атқарған жұмыс уақытына байланысты жалақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Үш санаттағы тәуекелге байланысты медициналық қызметкерлердің арасында емханалардағы пациенттерді қабылдайтын дәрігерлерге де үстемеақы қарастырылған. Оларға 5 төменгі жалақы мөлшеріндегі қосымша төлемақы төленеді. Бұл енді штабтың белгілеген деңгейіне байланысты қызметкер инфекциондық стационарға немесе карантиндік стационарға, сол сияқты провизорлық стационарға қатысы бар екені белгіленсе бұл төлем одан да жоғары болуы мүмкін», - деді Айбатыр Жұмағұлов. Ол сөз арасында әрбір дәрігер істеген жұмыс уақытына байланысты жалақысын алатынын жеткізді. «Бірінші санатта болса, 20 төменгі жалақы, екінші санатта болса, 10 төменгі жалақы, үшінші санатта болса, 5 төменгі жалақы. Бұл айлық норматив. Әрине ол жұмыс істеген мерзіміне байланысты жалақысын алады. Егер жұмыс уақытының тек 10 пайызын ғана атқарса, жалақысының тек 10 пайызын ғана алады. Бұл жалпы бұйрықта көрсетілген», - деді аталған қор басшысы.
-->«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов емхана қызметкерлеріне де үстемеақы төленетінін, сол сияқты атқарған жұмыс уақытына байланысты жалақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Үш санаттағы тәуекелге байланысты медициналық қызметкерлердің арасында емханалардағы пациенттерді қабылдайтын дәрігерлерге де үстемеақы қарастырылған. Оларға 5 төменгі жалақы мөлшеріндегі қосымша төлемақы төленеді. Бұл енді штабтың белгілеген деңгейіне байланысты қызметкер инфекциондық стационарға немесе карантиндік стационарға, сол сияқты провизорлық стационарға қатысы бар екені белгіленсе бұл төлем одан да жоғары болуы мүмкін», - деді Айбатыр Жұмағұлов. Ол сөз арасында әрбір дәрігер істеген жұмыс уақытына байланысты жалақысын алатынын жеткізді. «Бірінші санатта болса, 20 төменгі жалақы, екінші санатта болса, 10 төменгі жалақы, үшінші санатта болса, 5 төменгі жалақы. Бұл айлық норматив. Әрине ол жұмыс істеген мерзіміне байланысты жалақысын алады. Егер жұмыс уақытының тек 10 пайызын ғана атқарса, жалақысының тек 10 пайызын ғана алады. Бұл жалпы бұйрықта көрсетілген», - деді аталған қор басшысы.