Елордада ұры туған ағасын тонап кеткен
Астанада ұры шығынның орнын толтыру үшін туған ағасын тонап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал ұрланған аккумулятор иесіне қайтарылды.
-->Астанада ұры шығынның орнын толтыру үшін туған ағасын тонап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, тұрақта тұрған ГАЗель автокөлігінің салонынан аккумулятор мен 12 мың теңгенің ұрланғаны туралы шағым түсірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің інісі ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. 19 жастағы жігіт қала аумағында аккумуляторларды ұрлау бойынша күдікке ілінгені белгілі болды, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал ұрланған аккумулятор иесіне қайтарылды.