Астанада жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті
Елордада қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен Сарыарқа ауданындағы №56 мектеп лицейінің спорт залында жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Турнирді салтанатты түрде партиясының Amanat Сарыарқа аудандық филиалының аудандық атқарушы хатшысы Руслан Қонақбаев Шәкібайұлы ашып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар турнирде құрметті қонақ ретінде №56 мектеп лицейінің директоры Роман Фазылұлы, Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Дастан Алдашов қатысты. Олимпиада жүйесі бойынша өткен турнирге 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған оннан астам команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікті «Алан» командасы алса, екінші орынға «Aralov Dojo» командасының жас өреңдеріне бұйырды. Ал,«Сатори» командасы жеңімпаз атанды.
Жүлделі орын алған командалар ұйымдастырушылар тарапынан кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ турнирде үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік қақпашы номинациялары бойынша үздік теп таңылған спортшыларға да естелік сыйлықтармен алғыс хаттар табыс етілді.
-->Елордада қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен Сарыарқа ауданындағы №56 мектеп лицейінің спорт залында жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Турнирді салтанатты түрде партиясының Amanat Сарыарқа аудандық филиалының аудандық атқарушы хатшысы Руслан Қонақбаев Шәкібайұлы ашып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Қайырлы күн құрметті жас өреңдер! Бүгін сіздерді осы спорт залда көргенімізге қуаныштымыз. Cпорт – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгінде дүние жүзі бойынша теңбіл доптың алатын орны ерекше. Бұл турнир мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауы шеңберінде ұйымдастырылап отыр. Яғни, қаламызда бұқаралық спортты кеңінен дамыту болып табылады. Бәрімізге мәлім Мемлекет басшысы осы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай турнир балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі таңда елімізде спортқа, әсіресе, жастар арсында дене тәрбиесі мен бұқара спортқа ерекше мән берілуде. Сондықтан турнирдің мақсаты жас спортшылардың шеберлігін арттырып, аула алаңдарында шағын футболды елордада насихаттау. Сондай-ақ,«Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны іске асыру. Бүгін тек жеңіске мықты командалар жетсін. Баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді Руслан Қонақбаев.