Елорда жаңалықтары

Мақтааралда төтенше жағдай салдарын жою жұмысы жалғасады

Ішкі істер министрі құтқарушылар мен полицейлерге Мақтааралдағы төтенше жағдайды жою жұмысын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекеттік комиссиямен бірге Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болды. Министр төтенше жағдай салдарын жоюға атсалысқан Ұлттық ұлан, төтенше жағдайлар қызметі және полицияның жеке құрамын, олардың құрал-жабдықтарын тексерді. Қазір апаттық-құтқару жұмыстарына 1600-ден астам полиция, әскери қызметшілер мен құтқарушылар қатысып жатыр. 324 техника жұмылдырылған. Олардың 17-сі – қалқымалы қондырғы болса, 216-cы су сорғыш жабдық. 6 мамырда Өзбекстаннан топан суды соруға 200-ден астам құтқарушы мен жүзге жуық арнайы техника жеткізілді. Қазір су басқан аудандарда 6 миллион текше метрден астам су сорылды. Елді мекендерде қоғамдық тәртіп және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүлкін қорғау үшін полицейлер тәулік бойы патрульдік қызметте жүр. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап полицейлер, әскери күштер лай және топан су астында қалған малды құтқарумен айналысты. 15 мыңнан астам ірі қара мен үй құсы қауіпсіз аймаққа шығарылды. Төңіректі су басқанда 600-ге жуық мал қырылып қалды. Көбі ұсақ мал болды. Түрлі инфекцияның алдын алу үшін ветеринариялық қызмет жануарлардың өлексесін көму жұмыстарын тиісті санитарлық нормаларға сәйкес атқарды. Апаттық-құтқару жұмыстары кезінде иелері тастап кеткен көліктер де қауіпсіз аймаққа шығарылды. Полицейлер және әскери қызметкерлерге болысқан еріктілер де кезек құрып, жергілікті тұрғындарға көмектесіп жатыр. «Төтенше жағдай аймағында қабылданған шаралардың арқасында бір де бір қылмыс болған жоқ. Дегенмен тұрғындар өз үйіне оралып, артында қалған мүліктерін алып кетуге жағдай жасау үшін топан су салдарын жоюға қатысты жұмыстарды жалғастыру керек», – деп ІІМ басшысы. Еске салсақ, 1 мамыр күні көрші мемлекеттің Сардоба су қоймасында болған апат салдарынан Мақтаарал ауданының бес елді мекенін су басты. Бірінші күні 5400 жергілікті тұрғын қауіпсіз аймаққа шығарылды. Барлығы 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Өргебас, Фирдауси, Достық ауылдарында 1030 үйді топан су басты. Су басқан елді мекендердің тұрғындары туыстары мен 12 эвакуациялық пунктке орналастырылды.

-->