Елорда жаңалықтары

Астаналық әйел терминалдан басқа адамның ақшасын алып кетті

Астаналық әйел терминалдан басқа адамның ақшасын алып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz-тің жазуынша, Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ақша ұрлады деген күдікпен 36 жастағы әйелді ұстады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындаған. Ақшаның бір бөлігін пайдаланып, ол өз несиесін жапқан.
 
-->

Тергеу барысында әйелдің қаладағы банкоматтардың біріне келгені анықталды. Оның алдында терминалға үлкен көлемде ақша салған ер адам тұрған. Алайда операцияны орындау кезінде ақша есепке алынбай, терминал ұяшығында қалып қойған. Басқа қолма-қол ақшаны алуға асыққан ер адам көлігіне кеткенде күдікті әйел қабылданбаған 940 мың теңгені өзімен алып кеткен, - деп жазылған хабарламада.