Елорда жаңалықтары

Вирус жұқтырған бұрынғы вице-министр Надыровтың жағдайы белгілі болды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Камалжан Надыров өткен аптада жұмыс бабымен бірқатар өңірде болды. Одан коронавирус инфекциясы анықталды. Бекітілген алгоритмге сәйкес, Камалжан Надыров Нұр-Сұлтан қаласының жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Оның халі қанағаттанарлық», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Бұған дейін Надыровтың қауіпті індет жұқтырғанын денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлаған болатын.

-->