Елорда жаңалықтары

Ардагерлерді қалай ұлықтасақ та жарасымды — Көпболсын Бекмағанбет

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағанбет ұйымның атқарып жатқан жұмыстары, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жасалатын шаралар, ардагерлер жайлы тың деректермен Елорда Инфо тілшісімен сұхбат барысында бөлісті. Көпболсын Әбдікешұлы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап берсеңіз. Ең алдымен, Ардагерлер ұйымының атынан барлықтарыңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 33 жылдық тарихы бар Ардагерлер ұйымы 1987 жылдың 21 наурызында ҰОС қайтып келген азаматтардың бастамасымен құрылған қоғамдық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты — соғыстан оралған азаматтарды қамқорлыққа алу, олардың жағдайын түзету, қоғамдық жұмысқа тарту, жауынгерлердің бай өмірлік тәжірибесі мен білімін еліміздің игілігіне пайдалану. [caption id="attachment_13236" align="alignnone" width="900"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Оның бастауында мемлекетіміздің беделді қайраткерлері, отты соғыстан өткен азаматтар болды. Орталық кеңестің бірінші басшысы —соғыс ардагері, ҚазССР министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары болған Шаңгерей Жәнібеков деген ақсақал. Ол кісінің көзі тірі, биыл 95 жасқа келді. Әлі күнге дейін біздің ұйыммен белсенді жұмыс атқарып жүр. Ал одан кейінгі екінші басшысы — еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов. Сол алғашқы құрылған кезден бастап барлық аймақтардағы ұйым басшылығында соғыс майданынан өтіп келген ардагерлер болды.  Қазіргі уақытта ұйым ардагерлерді жан-жақты қолдау шараларымен, олар жайлы деректерді жинап, халықты ақпараттандыру жұмыстарымен, отты соғыстан оралмаған қазақстандықтарды іздеу бағытында жұмыс атқарады. Біз үйлестіруші орган болсақ та, жергілікті билікпен қоян-қолтық араласып, әрбір іс-шараны бірге атқарамыз. Пандемияға байланысты осы жылы Жеңіс мейрамын тойлау өзге форматта өтетіні белгілі. Сол ретте мерекені қалай атап өтуді жоспарлап отырсыздар? Әрине, келген індет көп жоспарды кейінге шегеруге немесе өтпей қалуына әсерін тигізіп отыр. Дегенмен, жұмыстар жүргізіліп жатыр, шаралар онлайн түрде өтеді. «Немерелердің хаты», «Ардагерлерге сәлемхат» деген бастамалар қолға алынып, ақсақалдарымызды ұлықтау бәз баяғы қалпынша жалғасады. [caption id="attachment_13237" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Ардагерлерді қалай ұлықтасаңыз да жарасымды, лайықты екені даусыз. Ақсақалдарымыздың үйіне әкімдіктің және Ардагерлер кеңесінің өкілдері барып, сый құрметін жасап, құттықтап шықпақшы. Жыл сайын ардагерлердің құрметіне сый берілетіні белгілі ғой. Биыл ол сома миллион теңге болып отыр. «ҚазМұнайГаз» басшылығы, басқа да мекемелер өз тарапынан сый-құрметін жасауда. Дәріханалар да ардагерлер тізімін алып, көмек беріп отырған жайы бар. Жалпы, елорда бойынша қанша соғыс ардагері бар? Ерекше ерлік танытқан азаматтар жайлы сөз қозғасақ.  Республика бойынша соғыс ардагерлерінің саны 950, соның ішінде қала бойынша 44 ардагеріміз бар, ал бір жыл бұрын олардың саны 71 еді. Көріп отырғандарыңыздар, жыл сайын ардагерлердің саны азайып барады. Ақмола өңірінің елімізге ҰОС кезінде хас батырлар шоғырын бергені таңғаларлық жағдай деуге болады. Дүниежүзіне аты шыққан, ерлігі мен батырлығына бас иетін Кеңес одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов, өзіміздің бұрынғы басшысымыз, мемлекет қайраткері, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетов, рейхстагқа ту тіккен батырымыз Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдулин бар. [caption id="attachment_13238" align="alignnone" width="693"] Фото «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» атты кітабынан алынды[/caption] Бүгінгі таңда Ардагерлер ұйымы соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің ерлігін дәріптейтін кітап шығару жұмыстарын жер-жерде жүргізіп жатыр. Жақында біз қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» деген кітаптың тұсаукесерін өткіздік. Бұл кітапта осы жақтан соғысқа аттанған азаматтардың ерліктері, соғыстан кейінгі өмірі Ғалия Балтабайдың жинақтауымен шығарылды. Ал ел арасында ерлігі танылмай кеткен азаматтарымыз бар ма?  Аты көп аталмаса да ерлік жасаған азаматтар біздің Ардагерлер ұйымының белсенді мүшелері арасында болған еді. Бұл орайда екі адамның атын атағым келеді. Бірінші, Қадан Бекенұлы деген ақсақал. Көз жұмғанына дейін, яғни 93 жасына дейін ұйымның белсенді мүшесі болды. Кейін белгілі болғандай, осы ақсақал 1945 жылдың мамырында Берлин майданында 5 жауынгерлік марапат алған. Ондай марапат оңайшылықпен келмейді, шын мәнінде ерліктің айғағы. Бірақ соған қарамастан ол кісі өте қарапайым кісі еді. Біз ұйымда бірге қызмет атқарғандықтан, ақсақалдың ерлігін айтуды парыз деп есептеймін. [caption id="attachment_13239" align="alignnone" width="512"] Суретте Қадан Бекенұлы[/caption] Ал Қабатай Тоқабаев деген ақсақал тоқсанға келердің алдында қайтыс болды, сол уақытқа дейін Ардагерлер ұйымын басқарып келді. Ол кісінің өмірі бір кітапқа татиды. Өзі ғана емес, әкесі де соғысқа қатысып, сол жақта қаза тапқан. Қабатай Тоқабаев әкесінің жатқан жерін тауып, тас орнатып, бір жылдан кейін өзі де бақилық болып кетті. Осындай бір ерекше тағдырлы өмір. Соғыс майданынан оралмаған жауынгерлерді іздеу жұмыстарымен айналысып жатқандарыңызды айттыңыз. Сол жұмыс қалай жүріп жатыр? Қазіргі заманда әкелерінің жатқан жерін тауып, елден топырақ апарып, ол жақтан топырақ алып келіп, тас орнатып жатқан оқиғалар жоспарлы түрде өтуде. Мысалы, біздің өзімізде іздеушілер тобы бар. Украина, Ресейдің іздеушілерімен байланыстамыз. Украинда Казанюк деген азамат былтырдан бері азап лагерлерінде қайтқан көптеген адамның аты-жөнін тізіп, бізге жіберді. Біз де шамамыз келгенше, жауынгерлердің туған-туыстарына хабарлаймыз, олардың кейбірі сол жерге барып қайтқан жайлары бар. Бір жағынан, бұл атасы жерленген жерлерге барып келу мүмкіндігі бар заман, екіншіден, іздеушілердің табанды еңбегі. Ұлы Отан соғысының атауын өзерткісі келіп жатқандар бар. Олардың ұсынысы бойынша, қазіргі ұрпақ соғысты «кеңес-герман соғысы» деп атауы тиіс. Соған қатысты пікіріңіз қандай? Қазір соғыс атауына байланысты түрлі-түрлі көзқарастар пайда болып жатыр. Соғысты Ұлы Отан соғысы деп емес, Екінші дүниежүзілік соғыс, Кеңес-герман соғысы деп атау керек деген тарихты бұрмалаған жайттар кеңінен таралуда. Бұл мәселеге Ардагерлер ұйымының көзқарасы қарсы. Ардагерлеріміз соғысқа қатысқанда Еуропаның елдерін азат етейік деп барған жоқ, өзінің Ұлы Отанын қорғауға аттанды. Әрбір ауылдан кеткен 600 мыңнан астам адам қайтпады ғой. Олар хат жазғанда Отанды қорғап жатырмыз деген ойда болды емес пе? Енді, әрине, соғыс болғаннан кейін адам әр түрлі болады. Екінің бірі батыр бола бермейді, бірақ қазіргі ақсақалдарға: «Сіз бүгіннен бастап ҰОС ардагері емессіз, сіз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерісіз» десеңіз, олар шалқасынан түседі. Менің ойымша, аз-ақ қалған 950 адамды ренжітіп, жаңа күйге енгізу дұрыс емес. Көпболсын Әбдікешұлы, республиканың барлық өңірін аралап, ардагерлермен сұхбат құрдыңыз. Тың деректер, қызықты оқиғалармен бөліссеңіз. Біз Өмірзақ Озғанбайұлы екеуіміз осыдан бес жыл бұрын Жеңістің 70 жылдығына орай «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» деген кітапты, ал бір жылдан кейін «Отты жыр, орамды әзіл» деген еңбекті шығарғанбыз. Сонда кітап бетіне түспеген жауынгерлер жайлы тың деректерді жинадық. Әзілдерді қоя тұрайық, аңыз дегенде өзім тапқан екі мысалды айтайын. Жезқазған облысында бір соғыс ардагері жұмыстан шаршап келіп, ұйқыға жатады екен. Үй ішіндегілер әрдайым ақсақалды кешкі тамаққа оята алмай әуре болады. Тек қана құлағына келіп: «Жуков келе жатыр» десең, атып тұратын көрінеді. Сол кісіні кейін ел Жуков деп атап кетіпті. [caption id="attachment_13240" align="alignnone" width="741"] Фото «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» атты кітабынан алынды[/caption] Сол кісінің әкесі 50 жасында Еңбек армиясына шақырылыпты. Бес уақыт намазын қалт жібермейтін тақуа адам екен. Темір жолдың бойында жұмыс істеген. Күндердің бір күнінде неміс самолеті сол жерге от жаудырыпты. Жүрген адамдардың барлығы жан-жаққа тығылып қашса, ол кісі намаз оқып отыра береді. Бір сағаттан кейін жердің бәрі астан-кестен, топырақ тау-тау болып үйіліп жатыр, жаңағы кісі көрінбейді. Отряд командирі: «Ол қазақ өлуге тиіс емес. Құдайға жақын адам еді. Қазыңдар топырақты!», — депті. Топырақты аршып қазса, ақсақал тірі қалып аман шығады. Міне, мен бір отбасының екі адамына қатысты оқиғасын айтып отырмын. Осындай мысалдар баршылық.

-->