Елордада «Жақсылық арифметикасы» оқу орталығы ашылды
Астанада Сарыарқа ауданының тұрғындарына, көпбалалы отбасының балалары мен ерекше балаларға жеңілдікпен білім беретін «Жақсылық арифметикасы» оқу орталығы ашылды. Бұл – елордада әлеуметтік кәсіпкерлік негізінде «Жақсылық арифметикасы NS» қоғамдық қорына қарасты ашылып жатқан екінші оқу орталығы, деп хабарлады Elorda.info.
Орталықтың ашылу рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов қатысты. Жаңа орталық директоры Ұлжан Мырзағалиева мекемені ашуда және жұмысын жандандыруда үлкен қолдау көрсеткен Астана қаласы әкімдігіне ризашылығын білдірді.
Орталық қоғамдық қор негізінде жұмыс істейтіндіктен тек білім берумен шектелмей, қайырымдылық іс-шаралар өткізумен де айналысады. Өткен жылы осы орталықтың 20 баласы, былтыр 70 шәкірті республикалық «Балдәурен» лагерінде демалды. Ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Есет Байкен ел ертеңі – жас ұрпақты мықты етіп тәрбиелеуде осындай қосымша білім беру ұйымдарының көптеп ашылуы қажет екенін жеткізді.
Орталықтың шәкірттері мен ұстаздары келген қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұ. Мырзағалиеваның айтуынша, алдағы уақытта көп ұзатпай осындай үшінші орталықты Алматы ауданы, Абылайхан көшесі, 56 үй мекенжайынан ашу көзделіп отыр.
Райхан Рахметова
-->Астанада Сарыарқа ауданының тұрғындарына, көпбалалы отбасының балалары мен ерекше балаларға жеңілдікпен білім беретін «Жақсылық арифметикасы» оқу орталығы ашылды. Бұл – елордада әлеуметтік кәсіпкерлік негізінде «Жақсылық арифметикасы NS» қоғамдық қорына қарасты ашылып жатқан екінші оқу орталығы, деп хабарлады Elorda.info.
Орталықтың ашылу рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов қатысты. Жаңа орталық директоры Ұлжан Мырзағалиева мекемені ашуда және жұмысын жандандыруда үлкен қолдау көрсеткен Астана қаласы әкімдігіне ризашылығын білдірді.
Бұл орталықтың мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін және 50 пайыз жеңілдікпен оқыту. Алғашқы оқу орталығын елордада 187 көше, 20/4 үйден ашқанбыз, онда 102 көпбалалы отбасынан шыққан 197 бала мектепке даярлау тобы, ұзартылған күн тобы, ағылшын тілі, шешендік өнер, қызықты математика, домбыра, гитара, шахмат, көркемөнер бойынша тегін білім алуда. Оларға 18 мұғалім білім береді. Ал мына Е.Серкебаев көшесінен ашылып жатқан екінші оқу орталығында 250-300 балаға дейін оқытуға мүмкіндік бар. 10 түрлі пән бойынша сабақ береміз. Мұғалімдер жеткілікті. Қала әкімдігінің қолдауымен Жұмыспен қамту орталығы арқылы Еңбек бағдарламасымен 10 қызметкерді жұмысқа қабылдадық. «Жастар практикасы» жобасымен 4 жас маманның тәжірибе жинауына көмек беріп отырмыз. Оған қоса жаңа орталықтың 156/7 шаршы метрлік ғимаратын қала әкімдігінің қолдауымен өте төмен бағаға 5 жылға жалға алдық. Бұл да үлкен көмек. Оның ішін жөндеуге де әкімдік тарапынан көмек көрсетілді, - дейді Ұ. Мырзағалиева.
Орталық қоғамдық қор негізінде жұмыс істейтіндіктен тек білім берумен шектелмей, қайырымдылық іс-шаралар өткізумен де айналысады. Өткен жылы осы орталықтың 20 баласы, былтыр 70 шәкірті республикалық «Балдәурен» лагерінде демалды. Ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Есет Байкен ел ертеңі – жас ұрпақты мықты етіп тәрбиелеуде осындай қосымша білім беру ұйымдарының көптеп ашылуы қажет екенін жеткізді.
Қаламызда 150-ден астам қосымша білім беру орталықтары бар, сонда 98 мың бала білім алады. Дегенмен елорданың кейбір аудандарында олар әлі де жетіспейді. Әсіресе, осы орталық ашылып жатқан Сарыарқа ауданының тұрғындары тарапынан қосымша білім беру ұйымдарын ашу туралы өтініштер көп түсті. Балаларды жан-жақты өнер мен білімге баулитын орталықтарды ашу бар да, оның жұмысын әрі қарай үлкен жауапкершілікпен дөңгелетіп алып кету бөлек әңгіме. Ол қажырлы еңбекті, шыдамдылықты талап етеді, мұны бастаған кәсіпкердің күмп етіп көп ақшаға кенеле қоюы да неғайбыл, сондықтан бұл істі өз кәсібін жақсы көретін, жанкешті адамдар ғана қолға алады. Осы тұрғыда Ұлжан ханымның жұмысы жоғары деңгейде екеніне көз жетіп келеді, - деді Е. Байкен.