Елорда жаңалықтары

Астанада «Ұлты үшін туған ұлы тұлға – Мұстафа» атты іс-шара өтті

Астанада Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназияда «Ұлты үшін туған ұлы тұлға – Мұстафа» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты шараға «Мұстафа Шоқай» зерттеуінің авторы, Түркия мемлекетінің Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара, ҚР Парламентінің депутаттары, Ұлттық музей, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, зерттеуші ғалымдар, білім беру саласының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыс­ты. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, қоғам қайраткері, сая­си ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір қатысты.

Еске салсақ, жақында Түркияда шоқайтанушы Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай туралы кітабы жарық көрген еді.

Келген қонақтар әуелі ұлт күрескерінің саяси көзқарастарының қалыптасуына əсер еткен тарихи оқиғалар мен Мұстафа Шоқайдың шетелдегі эмиграцияда жүрген кезеңдегі атқарған қоғамдық қызметі туралы деректермен Мұстафа Шоқай мұражайында танысты. Қайраткердің өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскен кезде көрген ауыртпалықтары айқын көрініс тапқан тарихи туындысынан үзінділер тамашалады.

Шоқайтанушы Әбдіуақап Қара мен профессор Әбдіжәлел Бәкір Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы мектеп оқушылармен пікір алысып, шара сұхбат түрінде жалғасын тапты.

Іс-шарада Мұстафа Шоқай өміріне байланыс­ты көрініс пен жары Мария Горинаның монологы, аса көрнекті қайраткерге арналған жыр-шумақтары көрермендер назарына ұсынылды.

Индира Бержанова

-->

Мұстафа Шоқай бүкіл түркі дүниесінде ұлы тұлғаның бірі болып есептеледі. Оның айғағы биыл Түркияның Мәдениет министрлігі «Түркияның 100 ұлы тұлғасы» арнайы сериясын бастап жатыр. Оның алғашқы бес томында Мұстафа Шоқайдың өмірі көрінеді. Франция төрінде ескерткіші қойылып, саябағы ашылды. Демек, біз қазақтың еліне қызмет еткен тұлғаларды ұлықтасақ, еске салсақ, насихаттасақ, оның бізге рухани пайдасы болады, – деп тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара Мұстафа Шоқай мұрасының дәріптелуіне қатысты пікірін білдірді.