Елорда жаңалықтары

Елордада велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталды

31 қазан күні Астана қаласында велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні, сағат 00:00-де «Astana Bike» автоматтандырылған станциялардың барлығы бұғатталды. Абонементтер бүгіннен бастап велосипедтерді жалдау қызметін пайдалана алмайды. Алайда, велокөлікті жалға алып қойғандар оларды уақыты өткен кезде станцияға қайтара алады.

Еске салайық, елордада велосипедтерді жалға беру маусымы 15 сәуірде басталған болатын.

Қала бойынша барлығы 155 автоматтандырылған станция жұмыс істеді. Жалпы 1 мың велосипед жалға берілді.

-->

Айта кетейік, келесі маусымға абоненттік төлем сақталмайды. Тек баланс ауыстырылады. Қалаған жағдайда баланстағы ақшаны Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан қайтарып алуға болады, - делінген компания хабарламасында.