Елорда жаңалықтары

Арнайы мониторингтік топ 10 мыңнан астам отбасыға азық-түлік жеткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ төтенше жағдай кезінде атқарылып жатқан жұмыстарын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Карантин кезеңінде АМТ қолданыстағы ТЖ ережелері талаптарының сақталуы тұрғысынан блок-бекеттерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Аталған жұмыс қызметі тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында атқарылады. Осы жұмыстардың барлығы әлеуметтік желілерде кеңінен жарық көруде. Барлық өңірде әлеуметтік маңызы бар объектілерге (сауда орталықтары, базарлар, дүкендер, дәріхана пункттері) қажетті тауарлардың бар болуы және оларға белгіленген бағалардың сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізілді. Осымен қатар, індетке қарсы шараларға қолдау көрсетуге, коронавируспен күресу үшін қажетті медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алуға бөлінген қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. Батыс Қазақстан облыстық АМТ мүшелерінің араласуынан кейін жергілікті кәсіпкерлермен бірге медперсоналдың облыс орталығының қонақ үйлерінде тұру мәселесі оң шешімін тапты. Қоғамдық пікір көшбасшылары бола отырып, АМТ мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша үлкен жұмысты ерікті түрде жүргізуде. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам отбасы төтенше жағдай кезінде азық-түлік көмегін алды. Республикалық АМТ мүшесі Р.Кибке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатура» тақырыбында оқушыларға арналған суреттердің конкурсын өткізді. Қазіргі уақытта Instagram желілерінде онлайын дауыс беру жүріп жатыр. Бұл тәжірибені тарату ұсынылды. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі АМТ тікелей эфирге шығып, халыққа заң консультациясы мен құқықтық көмек көрсетеді. Олардың қатарында Т.Бердонғар, Р. Ошақбаев, Р. Гасанов, А. Ассанди, Б. Базарбек, А. Жексен және басқа да белсенді блогерлер мен сарапшылар бар.

-->