Зейнеткерлерге жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын дәрілер берілетіні рас па
«СК-Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп «неліктен зейнеткерлерге таратылатын дәрілердің ішінде пайдалану мерзімі аяқталуға жақын қалғандар жиі кездеседі?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өкінішке қарай, бұндай жағдайлар туындауы мүмкін. Дегенмен бірыңғай дистрибьютор қоймасынан дәрілер жеткізілгенде жарамдылық мерзімі 14 айдан төмен болмауы керек. Дәрілер емханада өте үлкен көлемде қалса, мерзімі де жақындаса, онда әрине оларды қолдану мүмкіндігі болмау қажет. Және медициналық мекеме тарапынан таратылатын дәрілердің жарамдылық мерзімі толыққанды қадағалануы тиіс», - деді Берік Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
-->«СК-Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп «неліктен зейнеткерлерге таратылатын дәрілердің ішінде пайдалану мерзімі аяқталуға жақын қалғандар жиі кездеседі?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өкінішке қарай, бұндай жағдайлар туындауы мүмкін. Дегенмен бірыңғай дистрибьютор қоймасынан дәрілер жеткізілгенде жарамдылық мерзімі 14 айдан төмен болмауы керек. Дәрілер емханада өте үлкен көлемде қалса, мерзімі де жақындаса, онда әрине оларды қолдану мүмкіндігі болмау қажет. Және медициналық мекеме тарапынан таратылатын дәрілердің жарамдылық мерзімі толыққанды қадағалануы тиіс», - деді Берік Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.