Астана әкімдігі Telegram арнасын ашты
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Технология заманында Астана оқиғалары жайлы халықты ақпараттандыру үшін барлық кеңістікті пайдалану өте маңызды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін біз «Astana news» Telegram-арнасын (https://t.me/astana_newss) аштық. Осы арнада қала тұрғындары үшін қызықты болатын Астана әкімдігінің түрлі жаңалықтарымен бөлісетін боламыз. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы, аудандардың дамуы, қаланы газдандыру, мәдени жаңалықтар жайлы хабардар бола аласыздар, - деп атап өтті Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.