Елорда жаңалықтары

Елімізде 136 дерт тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

«СҚ Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп елімізде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін дерттер санына айта отырып, олардың ішінде миастения ауруына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында амбулаторлық деңгейде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша 136 дерт тегін түрде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде миастения да бар», - деді басқарма төрағасы. Ол сөз арасында миастения ауруына қолданылатын дәрі-дәрмектерді сатып алу жайына ерекше тоқталып өтті. «Бұл дертті емдейтін неостигмин және калимин дәрілерін сатып алдық. Калиминді жыл басынан толығымен жеткізіп жатырмыз. Ал неостигмин өкінішке қарай бірден сатып алу кезінде қиындық туды. Бағасы өте төмен болғандықтан мына дистрибьюторлық компания және өндірушілер бұл баға бойынша жеткізу мүмкін болған жоқ. Сол себептен біз Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша қосымша рәсімдердің бағасын көтердік. Баға көтерілуі нәтижесінде наурыз айында толық рәсімдерді өткізіп, бұл дәрі-дәрмектің жеткізілуіне шарт жасастық. Енді мамыр айынан бастап бүкіл өңірлерге жеткізу жоспарымызда бар», - деді Берік Шәріп.

-->