Елорда жаңалықтары

Дәріханаларда антисептиктер мен парацетамол тапшылығы қашан жойылады?

«СҚ Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп онлайн брифинг барысында еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты антисептиктер мен парацетамол тапшылығы қашан жойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Өкінішке қарай, бірыңғай дистрибьютор антисептиктермен айналыспайды. Бұл дәрі-дәрмектің де, медициналық өнімнің де қатарына кірмейді. Ол дезинфекциялайтын өнім болып саналады. Бұл толығымен сауда желілерінің қолында. Олар тек ақылы түрде сатылады», - дейді Берік Шәріп. Ол сондай-ақ, парацетамол дәрісінің тапшылығына да тоқталып өтті. «Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне парацетамолдың екі формасы кіреді. Біз балаларға тегін түрде жеткіземіз. Әрине біз бұл дәріні жеткіземіз. Бізде парацетамол шығаратын екі өндіруші бар. Бұл мәселені анықтау керек. Бәлкім кей өңірлерде парацетамолға деген тапшылық бар шығар», - деді «СҚ Фармация» басшысы.

-->