Астанадағы жәрмеңкеге ақмолалықтар 850 тоннадан астам өнім әкелді
Ақмола облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін елордалық жәрмеңкеде ұсынып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Ақмолалық кәсіпкерлер 850 тоннадан астам өнім әкелді. Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер бар.
Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен.
Қала тұрғыны Гүлжанат Кеңесқызы басқа өңір кәсіпкерлері өткізетін жәрмеңкеге әбден үйреніп алғанын жеткізді.
-->Ақмола облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін елордалық жәрмеңкеде ұсынып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Ақмолалық кәсіпкерлер 850 тоннадан астам өнім әкелді. Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер бар.
Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауарларының бағасы нарықтан 10-20%-ға төмен.
Қала тұрғыны Гүлжанат Кеңесқызы басқа өңір кәсіпкерлері өткізетін жәрмеңкеге әбден үйреніп алғанын жеткізді.
Біздің қалада демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр. Демалыс күндері тағы да жәрмеңке болатынын білгендіктен үйге көп азық-түлік ала қоймаймыз. Отбасымызбен «свежий» азық-түлік алуды жөн санаймыз. Елордалықтар риза деп ойлаймын. Төмен бағада жеміс-жидек пен көкөністерді сатып алдық. Дүкендерде қант тапшы болған кезде халық осы жәрмеңкеге келіп, кезекке тұратын. Біз де солай үйге қант алып алдық, - деді қала тұрғыны.