Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға қаржы көзі қайдан бөлінеді?
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде бөлінетін қаржы көзі жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізге көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Оның біріншісі – республикалық бюджет. Бұл қаржы көзі штаттан тыс табиғи төтенше жағдай бола қалған кезде қарастырылады. Бұл бағытқа 12 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алайда биылғы көктемгі іс-шараларға, су тасқынынан кейінгі салдарын жоюға ешқандай қаржы бөлінбеді», - деді вице-министр. Ол сөз арасында қаржылай қолдау көзінің екінші бөлігі – жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатқа да тоқталды. «Әкімдіктерден 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тиісінше биыл көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға бұл резервтен де қаражат бөлінбеді. Дегенмен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 7-8 сәуір күндері дауыл соғып, төтенше жағдай болды. Табиғи апат жер үйлерге де, әкімшілік ғимараттарға да зиянын тигізді. Әкімдіктер осы қиындықтарды еңсеру үшін жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлген болуы керек», - деді Юрий Ильин.
-->Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде бөлінетін қаржы көзі жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бізге көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Оның біріншісі – республикалық бюджет. Бұл қаржы көзі штаттан тыс табиғи төтенше жағдай бола қалған кезде қарастырылады. Бұл бағытқа 12 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алайда биылғы көктемгі іс-шараларға, су тасқынынан кейінгі салдарын жоюға ешқандай қаржы бөлінбеді», - деді вице-министр. Ол сөз арасында қаржылай қолдау көзінің екінші бөлігі – жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатқа да тоқталды. «Әкімдіктерден 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тиісінше биыл көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға бұл резервтен де қаражат бөлінбеді. Дегенмен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 7-8 сәуір күндері дауыл соғып, төтенше жағдай болды. Табиғи апат жер үйлерге де, әкімшілік ғимараттарға да зиянын тигізді. Әкімдіктер осы қиындықтарды еңсеру үшін жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлген болуы керек», - деді Юрий Ильин.