Әкем талай ажалдан аман қалған – Қ.Шаяхметұлы
Ұлы Жеңіс жолында талай қантөгіс шайқасты көрген ардагерлердің ерлігін қалай дәріптесе де артық болмайды. Елорда Инфо Еңбек ардагері Қабиболла Шаяхметұлының соғысқа қатысқан әкесі туралы мақаласын оқырман назарына ұсынады. Менің әкем де соғысқа қатысып, тұтқында болып, түрлі ауыртпалықты бастан кешкен адам еді. Бірақ «сондай бейнет шектім» деп ешкімге тіс жарып айтқан емес. Әкем Шаяхмет Смағұл баласы 1913 жылы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Қызылту ауылында өмірге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алындағы борышын өтеп, елге қайтайын деп тұрғанда тұтқиылдан соғыс басталып, № 717 атқыштар полкінің жауынгері ретінде қан майданға кіреді. Бірақ әкем соғыста көрген қасіретін әңгімелегенді онша жақтыра қоймайтын. Бірде кешке үйде отырғанда маған сыр қылып айтып еді. «Кеңес әскері мінген пойыз соғыс жүріп жатқан жаққа бет алды. Өзім сияқты солдаттармен вагонда ұйықтап кеткен екем. Бір кезде өзімді жайсыз сезініп оянып кетіп, вагонның тамбурына шықтым. Түн уағы, қасымдағы серіктерім ұйықтап жатыр. Бір кезде неміс ұшағы төбемізге төніп, біз мінген вагондарды пулеметпен атқылай бастады. Аяқ астынан бәрі астан-кестен болып, солдаттар оянып вагоннан секіріп жан-жаққа қашты, жалма-жан вагоннан қол дорбамды алуға келсем, мен жатқан төсекті пулемет оғы кесіп өтіпті. Осылай мені Алла сақтады», – деп айтып еді. Әкемнің әскери билетінде «С 17/06-1942г. по 21/6-1945 г. находился в плену в Австрий г.Вена» деген жазу бар. Ол кісі үш жыл тұтқында болып, түрлі азапты бастан кешкен. Бала кезімде дастарқаннан бір үзім нан жерге түсіп кетіп, мен оны тез көтере қоймадым. Сонда маған ренжіп: «Мен тұтқында осы бір үзім нан үшін көрмеген азабым жоқ, осы нанға қолы жетпей аштықтан қаншама жауынгер жанын пида етті», – дегені жадымда сақталып қалды. Тұтқында жүргенде іш ауруы пайда болып, көп солдаттар содан қайтыс бола бастады. Әкеме ересек бір қазақ азаматы: «Інішек, сен мына түріңмен өлесің, сен күнде беретін бір үзім нанды жеме, жина сосын оны тұзға айырбаста» деп ақылын айтады. Әкем сол кісінің айтқанын істеп, тұзды алып суға ертіп ішеді. Бір күні қарным ашып, жүруге шамам келмей қалды. Сөйтіп қиналып отырғанда ұйықтап кетіппін. Түсімде апам Айман маған үлкен кесемен бір кесе айран берді. Оянсам, тұтқындамын, бірақ қарнымда тамақ бар сияқты болып сезінді», – дейді. Осындай аңызға бергісіз оқиғалар әкем өмірінде бірншеше қайталанады. 1945 жылы 21 маусымда Америка әскері Кеңес жауынгерлерін тұтқыннан босатып, елдеріне қайтарады. Әкем туған жеріне 1947 жылдың жазында оралды. Қабиболла ШАЯХМЕТҰЛЫ, Еңбек ардагері
-->Ұлы Жеңіс жолында талай қантөгіс шайқасты көрген ардагерлердің ерлігін қалай дәріптесе де артық болмайды. Елорда Инфо Еңбек ардагері Қабиболла Шаяхметұлының соғысқа қатысқан әкесі туралы мақаласын оқырман назарына ұсынады. Менің әкем де соғысқа қатысып, тұтқында болып, түрлі ауыртпалықты бастан кешкен адам еді. Бірақ «сондай бейнет шектім» деп ешкімге тіс жарып айтқан емес. Әкем Шаяхмет Смағұл баласы 1913 жылы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Қызылту ауылында өмірге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алындағы борышын өтеп, елге қайтайын деп тұрғанда тұтқиылдан соғыс басталып, № 717 атқыштар полкінің жауынгері ретінде қан майданға кіреді. Бірақ әкем соғыста көрген қасіретін әңгімелегенді онша жақтыра қоймайтын. Бірде кешке үйде отырғанда маған сыр қылып айтып еді. «Кеңес әскері мінген пойыз соғыс жүріп жатқан жаққа бет алды. Өзім сияқты солдаттармен вагонда ұйықтап кеткен екем. Бір кезде өзімді жайсыз сезініп оянып кетіп, вагонның тамбурына шықтым. Түн уағы, қасымдағы серіктерім ұйықтап жатыр. Бір кезде неміс ұшағы төбемізге төніп, біз мінген вагондарды пулеметпен атқылай бастады. Аяқ астынан бәрі астан-кестен болып, солдаттар оянып вагоннан секіріп жан-жаққа қашты, жалма-жан вагоннан қол дорбамды алуға келсем, мен жатқан төсекті пулемет оғы кесіп өтіпті. Осылай мені Алла сақтады», – деп айтып еді. Әкемнің әскери билетінде «С 17/06-1942г. по 21/6-1945 г. находился в плену в Австрий г.Вена» деген жазу бар. Ол кісі үш жыл тұтқында болып, түрлі азапты бастан кешкен. Бала кезімде дастарқаннан бір үзім нан жерге түсіп кетіп, мен оны тез көтере қоймадым. Сонда маған ренжіп: «Мен тұтқында осы бір үзім нан үшін көрмеген азабым жоқ, осы нанға қолы жетпей аштықтан қаншама жауынгер жанын пида етті», – дегені жадымда сақталып қалды. Тұтқында жүргенде іш ауруы пайда болып, көп солдаттар содан қайтыс бола бастады. Әкеме ересек бір қазақ азаматы: «Інішек, сен мына түріңмен өлесің, сен күнде беретін бір үзім нанды жеме, жина сосын оны тұзға айырбаста» деп ақылын айтады. Әкем сол кісінің айтқанын істеп, тұзды алып суға ертіп ішеді. Бір күні қарным ашып, жүруге шамам келмей қалды. Сөйтіп қиналып отырғанда ұйықтап кетіппін. Түсімде апам Айман маған үлкен кесемен бір кесе айран берді. Оянсам, тұтқындамын, бірақ қарнымда тамақ бар сияқты болып сезінді», – дейді. Осындай аңызға бергісіз оқиғалар әкем өмірінде бірншеше қайталанады. 1945 жылы 21 маусымда Америка әскері Кеңес жауынгерлерін тұтқыннан босатып, елдеріне қайтарады. Әкем туған жеріне 1947 жылдың жазында оралды. Қабиболла ШАЯХМЕТҰЛЫ, Еңбек ардагері