Алдағы жәрмеңкеде Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады
Астанада 29-30 қазан күндері өтетін кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.
Осы демалыс күндері облыстың өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына 850 тоннадан астам жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынбақ.
Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер бар.
Жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.
Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран даңғылы, 48.
-->Астанада 29-30 қазан күндері өтетін кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады Elorda.info.