Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстары басталды

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Жұмысшылар жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 50 көше қаланың орталық бөлігінде – қоғамдық көлік жүретін магистральды көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыстары барлық тұрғын алапта жүргізіледі. Біз биыл 21 нысанда жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ, Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жақсы көмектесіп жатыр», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жол жөндеуге 12 млрд теңге бөлінді. Жұмыстың басым бөлігі тұрғын үй алаптарында жүргізіледі. Сонымен қатар аталған бағдарлама бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

-->