Елорда жаңалықтары

Өтініш бермей, 42 500 теңге алғандар төлемін қайтара ма – министр жауабы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «өтініш бермей, 42 500 теңге алғандар төлемін қайтара ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Әлеуметтік желілерде «мен өтініш берген жоқпын, бірақ маған 42500 теңге берді» деп жазып жатыр. Біріншіден, егер сіз өтініш бермесеңіз, сізге төлем тағайындалмайды. Өтінішсіз, бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілерге (БЖТ) ғана берілді. Бұл қандай төлеушілер? Біз бастапқыда проактивтік тағайындауды қостық. Бұл дегеніміз, өзі үшін жеке кәсіпкерліктің «жеңілдетілген» форматын таңдаған, бірыңғай жиынтық төлемін тұрақты төлеген, яғни жеңілдетілген жүйе бойынша жауапты кәсіпкерлер таңдалды. Оларға бірыңғай жиынтық төлем төлеуден басқа талаптар қойылған жоқ. Біз осындай БЖТ төлеушілерді алдық, олардың шоты бар-жоғын, банк шоттарының дұрыстығын тексердік. Біз дәл солар үшін ғана проактивтік форматты іске қостық, оларға өтінішсінсіз-ақ төлем тағайындадық. Олар ақшасын алды. Сондықтан өтінішсіз, проактивтік форматта алған адамдарға уайымдаудың қажеті жоқ. Біз оларды тексердік, тексеруден кейін ғана 42500 теңгені аудардық. Сол себептен оларға төлемді қайтарудың керегі жоқ», - деді Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

-->