Астаналық әйелді жұмыс орнында белгісіз біреу пышақтап кетті
102 шұғыл байланыс желісіне елорданың дүкендерінің бірінде ер адамның бір әйелді пышақтап кеткені туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info.
Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Дәлел зат тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-->102 шұғыл байланыс желісіне елорданың дүкендерінің бірінде ер адамның бір әйелді пышақтап кеткені туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info.
Оқиға орнына дереу полиция жасағы аттанды. Аталмыш факт расталды. Дүкендегі касса жанынан еденде пышақталған әйелдің денесі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қаза тапқан. Ер адамның аяқ-киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындағанда қос әйелдің бірін итеріп жіберіп, екіншісіне пышақ ала жүгіргені анықталды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.